Сенатордың пікірінше, осы өсімдікті арнайы мақсатта пайдалану арқылы далада өсетін қарасора мәселесін шешуге болады.
«Қолданыстағы тәжірибені ескере отырып, заңнаманы зерделеу, олқылықтарды анықтау және оларды жою бойынша ұсыныстар енгізу керек. Өнеркәсіптік немесе медициналық мақсаттарда өсімдік шикізатын қайта өңдеу бойынша, оның ішінде «Тараз Химпаркі» арнайы экономикалық аймағында озық технологияны енгізу арқылы өндірістер кешенін жасау керек», — деді ол.
t.me/stankznews