Метка: Бекболат Орынбеков

«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауыл жолдары, ауызсу және көше жарығыстің бағдарламасына енді Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Дидар Үсіпбек ауылдық елді мекендердегі жол, ауызсу, жарықтандыру және абаттандыру мәселелерін сайлауалды бағдарламасына енгізді. Сайланған жағдайда ол тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын аудан деңгейінде көтеріп, жергілікті мәселелердің шешілуіне атсалысуды көздейді. Ауылдың күнделікті тұрмысына қатысты ұсыныстар Үсіпбек ауылішілік жолдардың жай-күйі, ауызсумен қамту және көше жарығы тұрғындардың күнделікті тұрмысына тікелей қатысты екенін атап өтеді. Бағдарламада осы мәселелермен қатар елді мекендерді абаттандыру да көзделген. Кандидат ауыл тұрғындарын толғандыратын мәселелерді олардың өздерімен бірге талқылап, ұсыныстарын назарға алуды жоспарлап отыр. Балалар мен жастарға арналған мүмкіндіктер Үсіпбек ауылдың дамуын балалар мен жастарға жасалатын жағдаймен де байланыстырады. Ол оқушылар үшін спорттық, мәдени және танымдық іс-шаралардың қолжетімділігін арттыруды, туристік және өлкетану бағытындағы жұмыстарды кеңейтуді ұсынады. Бағдарламада балаларға арналған қосымша білім беру үйірмелерін дамыту және білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мәселелері де қамтылған. Өрнек ауылдық округіне қарасты Жарлысу ауылында туған Үсіпбек 2019 жылдан бері балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беріп келеді. Кандидаттың сөзінше, туған өлкені дамыту үшін тұрғындардың ұсыныстары ескеріліп, ортақ мәселелердің шешімі бірлесіп ізделуі керек. Ол осы ұстанымын бағдарламасында былай түйіндеген: «Халықпен бірге көтерілген мәселе – халықпен бірге шешілуі тиіс міндет». Дайындаған: «ID Corp» ЖШС. Тапсырыс беруші: Д.Б. Үсіпбек. Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.