• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Абырой

Бітімгершілік келісім – сот дауларын шешудің ең тиімді жолы

07.06.2023
0
Әйелдің қоғамдағы әлеуметтік мәртебесі
708
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын медиация дауды реттеудің қолайлы рәсімі болып саналады.  Өткенге сәл шегініс жасасақ, 2011 жылы 28 қаңтарда «Медиация туралы» заң қабылданды. Сол уақыттан бері бұл институт баршаның оң көзқарасына ие болып үлгерді. Оның бір себебі аталмыш рәсімнің қазақ халқына ертеден таныс екендігінде болса керек. Ендеше, медиация – ескі дәстүрдің қайта жаңғыруы деуге толық негіз бар.

Медиация рәсімінің сот жұмысына да берер пайдасы өте көп. Татуластыру рәсімдері сотта қаралатын істердің санын, судьялардың жүктемесін, ең ақырында дауласып келген тараптардың шығынын азайтады. Бұл институт бойынша «Медиация туралы» заңның талаптарына сәйкес, дауды реттеу рәсімін кәсіби және кәсіби емес медиатор жүргізеді. Ол дауды реттеу үшін іске тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға.

Аталмыш институт дауды шешудің екі тарапты да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізуді және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендетуді көздейді. Сондай-ақ, медиация еріктілік, тараптардың теңқұқылығы, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптығы, медиация рәсіміне араласуға жол бермеу, құпиялылық қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

Өткенге үңілсек, бітімгершілік ата-бабамыздың тарихында болған. Ілгеріректе ел ішіндегі дау-дамайлар билердің әділ шешімі арқасында екі жақтың бейбіт келісімге келуімен шешіліп отырған. Сондықтан, қалай десек те, медиацияның артықшылығы көп. Әрине, өмір болған соң қоғамда азаматтар арасында сан түрлі келіспеушіліктер, даулы мәселелер туындамай тұрмайтыны ақиқат. Осындай мәселелерді шешуде кәсіби медиаторлардың қызметіне жүгінген жөн.

Көне институтты жаңғыртуда басты негіз болып саналатын «Медиация туралы» заңға келсек, бұл құжат республикада медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиаторлардың мәртебесін айқындайды. Медиация тәсілі сот жүйесіндегі тазалықты, әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден-бір жолы болмақ, яғни ол тараптарды қанағаттандыру негізінде жүргізілетін келіссөз рәсімі. Тіпті, бұл сөздің мағынасының өзін екі жақты татуластыру рәсімі деп түсіндірсе артықтық етпейді.

Жаңа институттың басты артықшылығы да сол, оның қызметі кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін анықтауға емес, өзара тиімді шешімді табуға бағытталған. Яғни, жанжалдасушы тараптар сотқа дейін де, сот барысында да кәсіби медиаторға жүгінеді. Ол дауды тыңдаған соң тиімді шешімді ұсынады.

Ал, медиатор қызметі кәсіби және кәсіби емес негіздерде жүзеге асырылады. Жоғары білімі бар, 25 жасқа жеткен Қазақстан Республикасының Медиаторлар ассоциациясында /одағынан/ арнайы оқығанын растайтын сертификаты бар тұлғалар кәсіби медиатор бола алады. Ал, кәсіби емес медиатор болуға 40 жасқа толған азаматтар құқылы. Кәсіби бітімгерлердің тізімін Ассоциация жасаса, кәсіби емес медиатор болғысы келетіндер тұрғындар жиыны хаттамасының негізінде жергілікті атқару орындарына келуі тиіс. Әрине, мұндай адамдар халық алдында биік беделге ие болуы тиіс. Ескерте кететіні, мемлекеттік қызметкерлер, тергеуге алынған қабілеті жоқ адамдар, сондай-ақ жазасы өтелмеген немесе сотталғаны кешірілмеген тұлғалар медиатор бола алмайды.

Медиация туралы келісімге қол жеткізгеннен кейін, егер іс сотта қаралса, ол сотта бейбіт келісім секілді мақұлданады. Дауласушы тараптар медиация туралы келісімшарт және сотқа дейінгі тәртіппен жанжалды реттеу туралы келісім жасаған жағдайда, бұл дауласушы тараптар оны ерікті түрле орындауға міндеттелетінін білдіреді. Ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша жәбірленуші тарапқа келген залалдың орнын толтыру және оларды татуластыру арқылы реттеу туралы келісім жасау әрі қарай қылмыстық қудалауды тоқтататын жағдай болып табылады, яғни, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  68-бабы бойынша іс тоқтатылады.

Медиацияны жүргізуге байланысты шығыстар мыналарды қамтиды, яғни, медиаторға сыйақы төлеу, медиацияны жүргізуге байланысты медиаторға келген шығыстар, оның ішінде дау қаралатын жерге жол жүру ақысын төлеуге, қонақүйге тұруға және тамақтануға арналған шығыстар. Кәсіби медиаторлар медиацияны ақылы да, тегін негізде де жүзеге асырады. Кәсіпқой медиатор сыйақысының мөлшері медиация басталғанға дейін тараптардың келсімі бойынша айқындалады. Егер тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, медиацияны жүргізуге байланысты шығыстарды тараптар бірлесіп тең үлестермен төлейді.

Медиатор – бұл бітімгер. Қазақ халқының ұлттық болмысына ең жақын ұғым. Түрмесі болмаған іргесі берік қазақ қоғамында небір даулы мәселелерді екі ауыз сөзбен шешкен дуалы ауыз билер болғанын тарихтан жақсы білеміз. Ендеше, сот жүйесіне бітімгерлік тәсілін енгізу қазақ халқының бүкіл әлемге үлгі етерлік шешендігі мен көсемдігін жаңғыртуға жасалған игі қадамы деп білеміз.

 

Райхан Ратова, Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсесінің бас маманы

 

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

08.05.2025
Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

08.05.2025
Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

08.05.2025
Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

08.05.2025
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

08.05.2025
Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

08.05.2025
Қазақстанда қосымша пойыздар қосылады

Қазақстанда қосымша пойыздар қосылады

08.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты