Жамбыл облысында мемлекеттік қызметтегі жергілікті әкімдіктерде штат саны- 2550, министрлікпен агенттіктерге қарасты мекемелерінің штат саны — 1935. Жалпы мемлекеттік қызметшілер санының ішінде 1994 әйел немесе 46,2%. Келісім шарт негізінде жұмыс атқаратын зейнет жасқа толған қызметкерлердің саны – 31. Мемлекеттік қызметтегі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саны – 45
Жамбыл облысында мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 40,9 жас.
Тест нәтижелері
2022 жылы тестілеуден өтуге барлығы 5327 азамат өтініш білдірген (2021 ж. – 4068).
Өтініш білдірген азаматтардың ішінен 1707 адам немесе 32% тестілеудің шекті мәнінен өткен (2021 ж. – 1382 немесе 34%).
Олардың ішінде 3299 азамат әкімшілік мемлекеттік қызметке тест тапсырып, 952 адамы немесе 29% тестілеудің шекті мәнінен өткен.
Сонымен қатар, 2028 азамат құқық қорғау қызметіне тестілеуден өтуге ниет білдіріп, олардың ішінде 755 адам немесе 37,2% тестілеудің шекті мәнінен өткен.
Сондай-ақ, есепті кезеңнің ішінде 1875 азамат жеке қасиетін бағалау бойынша тестілеуге өтініш беріп, олардың 1657 немесе 88,4% шекті мәнінен өткен (2021 ж. – 1342 немесе 88%).
Мемлекеттік қызметшілердің ауысымдылығы
2022 жыл ішінде жалпы ауысымдылық 1195 адамды немесе штаттық санынан 26,6% құрап отыр.
Бұл ретте, 581 қызметші мемлекеттік органдардағы басқа лауазымдарға орналасуына, ауысу тәртібімен және басқа да себептерге байланысты қызметінен босатылған.
Ауысу тәртібімен 52 адам жеке және квазимемлекеттік секторға, 114 өз еркімен кетуіне байланысты және 8 саяси қызметші отставкаға бергендеріне байланысты босатылған.
Зейнетке шығуына байланысты 56 қызметші, Қызметінен теріс себептермен 13 қызметшi босатылған.
371 қызметші басқа себептермен босатылған (мемлекеттік органның қайта құрылуына, негізгі қызметкердің шығуына, еңбек шартының аяқталуына, денсаулық жағдайына байланысты және т.б.).