• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Абырой

Сот актілерін орындау мәселелері бойынша кездеулер өткізілді

27.05.2022
0
Сот актілерін орындау мәселелері бойынша  кездеулер өткізілді
235
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter
Тараз қаласы №2 сотында «Сот актілерінің орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Тараз қаласы №2 сотының төрағасы Е.Дүйсенбаев, судьялар Ф.Утешова, С.Дмитриева, Б.Төребекұлы, А.Қорабаева, соттың кеңсе меңгерушісі Ж.Құтымбетова, бас маман-мұрағатшы Г.Ахалиева қатысты.
Іс-шара барысында Г.Ахалиева статистикалық деректерге сәйкес орындауға жолданып, алайда орындалмай тұрған атқару құжаттары бойынша мәліметтерді келтіре отырып, атқару парақтарын электронды нұсқада жолдаған кезде туындайтын, олардың орындалмауына және негізсіз қайтарылуына қатысты өзекті мәселелерді баяндады.
Сондай-ақ, Ж.Құтымбетова сот актілерінің орындалуы жайлы сұрақтар сот органдарының үнемі бақылауында, сотпен сот актілерін орындау туралы ескертулер уәкілетті органдарға тұрақты түрде жіберіліп отыратындығын айтты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар қолданыстағы заңнама шеңберінде мәжбүрлеп орындау шаралары күшейтілуі тиіс деген пікірге келді. Сот актісін орындаудан жалтарған жағдайда, жаза сот орындаушыларының ұсынымы негізінде, жазаның неғұрлым қатаң түріне ауыстырлуы тиіс екенін атап өтті.
Дөңгелек үстел соңында сот актілерін толық және уақтылы орындау қажеттілігі туралы айтылды, бар мәселелер тұрғысынан оларды орындау үшін бірлескен ұсыныстар әзірленді. Сондай-ақ, қатысушылар жазаны орындауды жақсартуға алып келетін шаралар жөнінде өзара пікір алмасты.
Сол сияқты, Мойынқұм аудандық сотында да «Сот актілерінің орындалуы» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге сот төрағасы міндетін атқарушы Б.Далибаев, кеңсе меңгерушісі Г.Рахимова, аудандық прокуратураның прокуроры Н.Десебаев, Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Т.Абдраманов және жеке сот орындаушылары С.Рысалдиев, Д.Асанбеков қатысты.
Жуалы аудандық сотында  азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша сот актілерінің орындалуы мәселесі талқыланды.
Іс шараға  соттың  төрағасы Б.Абуев, судья Б.Мүлкібаев, прокурор А.Исатаева, жеке сот орындаушылар Н.Жуматаев, А.Заурбеков, М.Едельбаев  және сот кеңсесінің меңгерушісі С.Ералиев қатысты.
Семинар барысында қылмыстық, әкімшілік, азаматтық істер бойынша орындалмаған және орындаусыз кері қайтарылған сот актілерінің орындалуы мәселесі, орындау барысының созылуы, сот орындаушылар тарапынан атқару құжаттарының орындалуы бойынша мүмкіндігінше жұмысты күшейту туралы сұрақтар қозғалды.
Б.Абуев бүгінгі күнге дейінгі орындалмаған сот актілеріне қатысты статистикалық мәліметтерді келтіріп, олар бойынша жеке сот орындаушылар тарапынан күшейтілген жұмыс қажеттігін атап өтті.
Сот аткілерінің орындалуын одан әрі бақылауда ұстау мақсатында, соттың төрағасы сот орындаушыларға сотпен үнемі салыстыру актісін жүргізіп, қандай кезеңде тұрғанын білу мақсатында борышкерлердің ішінара төленген сомалары бойынша ақпаратты уақытында беріп тұруды ұсынды.
Соңында қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, бірлескен жұмыс бойынша ортақ мақсаттар мен міндеттер әзірленді.
Талас аудандық сотында төраға м.а. Л.Дүкенбаева әкімшілік полиция басшысы Қ.Тәттібай мен сот орындаушылардың қатысуларымен сот актілерінің орындау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Л.Дүкенбаева өз сөзінде, заңды күшіне енген сот актілері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға жататынын айтты. Сондай-ақ өткен жылдардағы сот актілерін орындау бойынша нақты шаралар қабылдау қажет екенін айтты және сот орындаушылардан сот актілерінің айыппұл, мемлекеттік баж, сот шығындарын өндіру бөлігі бойынша қабылданған шаралар туралы сұрады.
Кездесу барысында жеке сот орындаушы А.Кулчебеков өткен жылдардың сот актілерін орындау бойынша жұмыс заңнама талаптарына сәйкес жүргізіліп жатқандығын айтты. Сонымен қатар Сот актілерін орындау кезінде  туындайтын мәселелермен бөлісті.
Қорытындысында қатысушылар сот актілерін орындау мәселелсін шешу мақсатында борышкерлермен түсіндіру жұмыстарын ауыл әкімдері мен учаскелік инспекторлардың көмегімен жүргізу қажеттігін, сондай-ақ жұмыссыз жүрген борышкерлерді жұмыспен қамту бөлімі арқылы жұмысқа орналастыру ұсынылды.
Дереккөз: Жамбыл облыстық соты
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жоғары білімді медицина мамандары кеңес берді

Жоғары білімді медицина мамандары кеңес берді

28.06.2025
Жамбыл облысында медиа өкілдері марапатталды

Жамбыл облысында медиа өкілдері марапатталды

28.06.2025
Ұйымның көмегімен пробация есепте тұрған азамат ауруханаға жатқызылды

Ұйымның көмегімен пробация есепте тұрған азамат ауруханаға жатқызылды

28.06.2025
Жамбыл облысында азаматтық белсенділік пен адам құқықтарын ілгерілетуге бағытталған жоба аясындағы алғаш тренинг өткізілді

Жамбыл облысында азаматтық белсенділік пен адам құқықтарын ілгерілетуге бағытталған жоба аясындағы алғаш тренинг өткізілді

27.06.2025
«Қорғас» кеден бекетінде пара беру әрекеті тоқтатылды

Балабақшаларда педагогтердің еңбекақысы өсті

27.06.2025
Мемлекет өз міндеттемелерін толық көлемде орындап жатыр — Олжас Бектенов

Мемлекет өз міндеттемелерін толық көлемде орындап жатыр — Олжас Бектенов

27.06.2025
Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты

27.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты