Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялардың қатысуымен «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» семинар өткізілді.
Судья Л.Алиев семинар барысында жәбірленушілерге қажетті материалдық көмекті тез арада көрсетуге бағытталған Жәбірленушілерге өтемақы қоры бойынша сот тәжірибесін жарықтандырды, сондай-ақ заңның негізгі ұғымдарына және мысалдар келтіре отырып негізсіз өтемақы тағайындау мәселелеріне тоқталды.
Спикер бүгінгі таңда ҚР Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін барынша қорғау қажеттігін атап өтті.
Іс-шара соңында қатысушылары өзара пікір алмасты.