• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Аудан жаңалықтары

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ШЫҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРУДЕ

25.11.2021
0
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ШЫҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРУДЕ
311
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қосымша білім беру мекемелерінің басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, нәтижеге жету. Бүгінгі таңда Аса ауылдық округінде Техникалық шығармашылығы және кәсіби бағдар беру орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүйелі жұмыстар атқарып келеді.  

«Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы арқылы қаржыландырылған мекмеде оқушылар қосымша білім алуда. Ғимарат 2020 жылы пайдалануға берілген. Құрылысы 2020 жылы «Айна-City» ЖШС мердігер мекемесіне жүктелген, 2386,7 шаршы метрді құрайтын ғимарттың сыйымдылығы 1 400 адамға арналған. Нысанда 19 оқу кабинеті бар, сонымен қатар, нысан меншігінде  47 дана компьютер, 2 дана ноутбук, 14 дана  led экран теледидар бар. Техникалық шығармашылығы және кәсіби бағдар беру орталығы алты бағытта жұмыс атқарады. Оның ішінде: техникалық бағытта – 515 оқушы білім алуда. Көркем эстетикалық бағыт – 300  оқушы, тілдік бағыт – 150 оқушы, биологиялық–экологиялық бағыт – 150 оқушы, сәндік қолданбалы бағыт – 120  оқушы, кәсіптік бағдар беру бағыты – 150 оқушы білім алуда. Сонымен қатар, 16 үйірме жұмыс жасайды. Атап айтқанда: техникалық үлгілеу, әуе үлгілеу, кеме үлгілеу, автокөлік ісі, робототехника, қызықты математика, тағам дизайны, аспазшы кондитер, жас суретші, саздан бұйым жасау технологиясы, стоп кадр студиясы, ағылшын тілі, сөйлеу шеберлігі, жас биолог-эколог, химия, киім үлгілеу және этнодизайн, алғашқы медициналық көмек көрсету.

Сондай-ақ, Мұқан Төлебаев атындағы балалар өнер мектебінің негізі 1975 жылы қаланған. Ғимараттың жалпы сыйымдылығы 700 адамға арналған. 14 оқу кабинетінен тұратын ғимараттың меншігінде бүгінгі таңда 4 компьютер, 2 ноутбук, 1 led экран теледидар бар.Қазіргі уақытта  Мұқан Төлебаев атындағы балалар өнер мектебінде 11 мамандық бойынша оқытады: домбыра — 338, фортепиано — 37, баян — 29, қыл қобыз — 15, прима қобыз — 16. Гитара — 13, эстрадалық вокал — 66, дәстүрлі ән — 14, би өнері — 512, актерлік шеберлік — 79, сурет және қол өнер – 343 білім алушы бар. Бүгінгі таңда барлығы — 1 462 білім алушы бар, оның ішінде 0-сынып — 81, 1-сынып – 1 143, 2-сынып — 81, 3-сынып — 71, 4-сынып – 44, 5-сынып — 33, 6-сынып — 7, 7-сынып – 2. Қазіргі уақытта жоғары санатты — 11, І санатты — 14, ІІ санатты – 11 педагог балаларға білім беруде. Мұқан Төлебаев атындағы балалар өнер мектебінің ауылдық жерлерде 5 бөлімшесі бар. Аталған бөлімшелерде де білім алушыларға қосымша білім берілуде.

Үштік одақтың: ата-аналардың, балалар мен мұғалімдердің бірлескен жұмысы – сапалы білім мен саналы тәрбие берудің нәтижелі жолы. Сондықтан да, білім алушыларға әруақытта шығармашылық тұрғыдан, психологиялық тұрғыдан қолдау қажет. Сондықтан да қосымша білім беру мекемелерінің көптеп болғаны, әрі олармен бірлескен жұмыс нәтижеге жеткізері сөзсіз.

Тегтер: #Аймағамбетов # БҒМ # білімАсабілімқосымша біліміМИНИСТРоқушы

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты