Аса ауылдық окургі бойынша биылғы 2021 жылға арналған жөндеу жұмыстары жоспарға сай бекітіліп, мердігерлер де конкурс арқылы табылған. Ендеше, қарқынды құрылыстардың деңгейі қай деңгейде? Аса ауылдық окургінің әкімдігі берген ақпараттық кестені сараптайық.
Ең бірінші, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылдық округіндегі сұрапыл қоқыстарды көму және елді мекеннің тазалығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ЖК «Ай-Күмис» мердігерлігі атқарған. Жалпы құны 5 000 000,0 теңгені құрайтын мемлекеттік тапсырыс іс жүзінде ағымдағы жылдың сәуір айында жүз пайызға орындалған.
Екінші, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылы Ш.Қалдаяқов көшесіндегі спорт алаңын ағымды жөндеу жұмыстары «Аса Курылысшы» ЖШС мердігерлік компаниясына жүктелген. Ауылдық окургтің әкімдігі берген ақпаратқа сай жобаның жалпы құны 3 926 000,0 теңгені құраған. Келісімшарт бойынша аталған жұмыстар ағымдағы жылдың шілде айында аяқталып, жүз пайызға орындалып, пайдалануға берген.
Үшінші, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылындағы кіші футбол алаңының қоршауын ағымды жөндеу жұмыстары. Жалпы құны 396 000,0 теңгені құрайтын жұмыстарды «Аса Курылысшы» ЖШС-і жауапкершілікке алған. Келісімшар бойынша аталған жұмыстар ағымдағы жылдың маусым айында аяқталған.
Төртінші, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылындағы Абай көшесін абаттандыру (қоршау құрылғысы) бойынша жұмыстар. Аталған жұмыстарды жүзеге асыру «AGES ALMATY» ЖШС-і болып белгіленген. Жалпы құны 10 603 000,0 теңгені құрайтын тапсырыстың мерзімі ағымдағы жылдың қыркүйек айы деп көрсетілген. Әкімдік берген ақпаратқа сәйкес нысан пайдалануға берілген.
Сонымен қатар, Аса ауылындағы ішкі істер бөлімінің әкімшілік ғимаратының ағымды жөндеу жұмыстарына 10 000 000,0 теңге қарастырылып, негізгі жұмыс «Samgau.KZ-2020» ЖШС-не жүктелген. Қосымша ақпаратқа сәйкес жұмыстың басталу және аяқталу мерзімі көрсетілмеген.
Ауылдық округтің, оның ішінде елді мекендер бойынша көше жарықтандыруға талдама жасап көрейік. Аса ауылдық округі бойынша ұзындығы 47,944 шақырымды құрайтын 61 көше болса, оның ішінде 39,84 шақырымы, яғни 33 көше жарықтандырылған. Ал, 8,104 шақырымы,яғни 28 көше жарықтандырылмаған. Сәйкесінше жарықтандырудың деңгейі Аса ауылдық окургі бойынша 54,1% құрап отыр. Ал Рахат ауылы бойынша 1,83 шақырымды құрайтын 4 көше жарықтандырылмаған. Сондай-ақ, ауданға қарасты елді мекендердегі ауыл ішілік 47,944 шақырымды құрайтын көше жолдарының 47,544 шақырымы жақсы жағдайдағы асфальтты төсемі бар жол мен көшелердің қатарында.