• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 15:38
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Тараз және түркі өркениеті» атты халықаралық конференция өтті

turan_admin turan_admin
08.10.2021, 23:36
Облыс жаңалықтары
«Тараз және түркі өркениеті» атты халықаралық конференция өтті
144
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Түркі өркениетінің ошағы, тарихы терең Тараз – тек еліміздегі ғана емес, Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі. Мұны айғақтайтын тарихи негіздер, мазмұнды мысалдар жетерлік. Бұл туралы облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен халықаралық ғылыми конференцияда жан-жақты айтылды.

Жиынға отандық және АҚШ, Түркия, Жапония, Өзбекстан, Қырғызстан елінен келген ғалымдар қатысты.

Аймақ басшысы ауқымды шараның маңыздылығына тоқталып, Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында көрсетілген ұлттық құндылықтарды, ерекшелігімізді саралай отыра, жалпытүркілік өркениеттің мәдени дамуы мен тарихи өркендеуіне тың тұжырымдармен үлес қосатынына сенім білдірді.

— Нұрсұлтан Әбішұлы атап өткендей, қазақ жерінде Жібек жолынан бері барлық карталарда келе жатқан екі қала бар. Бірі Тараз қаласы, екіншісі Жаркент. Елімізде ЮНЕСКО-ға енетін 11 объекті болса, соның 5-і Жамбыл облысында орналасқан. Осының өзі өлкеміздің тарихы терең екенін, күллі өркениеттің бастауы болғанын көрсетеді. Конференцияның тақырыбы «Тараз және Түркі өркениеті» деп аталуы тегін емес. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы облысымызға іссапары барысында біздің Тараз қаласын Түркістан қаласына туристік серіктес ретінде қалыптастыру туралы ұсынымызға, «Тарихы терең Тараз» атты мәдени бағдарламасына өз қолдауын білдірді. Бұл Тараз қаласының тәуелсіз Қазақстан тарихындағы дамуының жаңа кезеңі болады деп сенеміз. Түркі халықтарына ортақ бұрыннан келе жатқан екі жазу бар екенін белгілі. Оның бірі Орхон-Енесей жазулары болса, екіншісі Талас жазулары.  Түркістан ер түріктің бесігі болса, тарихы терең Тараз Түркі өркениетінің ошағы,- деді облыс әкімі.

Халықаралық Түркі акдемиясының Президенті, тарих ғылымдарының докторы Дархан Қыдырәлі ежелгі және кейінгі замандағы түркі өркениетіндегі ұрпақтар арасындағы сабақтастықты одан әрі нығайтудың жалпы ұлттық мақсаты – Ұлы Дала елін «Мәңгілік елге» айналдыру екендігін баса айтты.

  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Архив ісі және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш көшпелі және отырықшы мәдениетінің мұрагері саналатын Тараз қаласы түбі бір Түркі әлемінің ішінде қастерлі қала, киелі орталық болып саналатынын тілге тиек етті.

Ал, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы Берік Әбдіғалиұлы Тараздан шыққан белгілі Таразилерді түгендеп, олардың есімдері мен еңбектерін ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын айтты. Сондай-ақ, балбалтастар музейін ашуды ұсынды.

— Түркі елінің алтын бесігі Алтай, орталығы Түркістан десек, дәл осы тізімде Тараздың да есімі ерекше айтылады. Өйткені осы жерде Ислам дінінің кең таралуына ықпал еткен оқиғалар орын алды. Бұны да әлемдік деңгейде әсіресе, түркі дүниесінде барынша насихаттау керек,-деді Б.Әбдіғали.

 АҚШ-тан келген тарих ғылымдарының докторы, профессор Юлай Шәмілоғлы Қытай саяхатшысы Суан Цяньның  жетінші ғасырда Әулиеата өңірінде болып, жүргізген зерттеулерінен құнды мәліметтер келтірді. Сонымен қатар, Талас құрылтайының тағылымын тілге тиек етті.

 Жапон ғалымы, «Нара» ұлттық мәдени мұра мен ұлттық мәдени құндылықтарды зерттеу институтының зертханалық археология секциясының директоры Садакатцу Кунитаке Жамбыл өңірінде жүргізген экспедициясынан ақпараттар бөліссе, қырғызстандық Түркология ғылымдарының РҺD докторы Негизбек Шабданалиев және тағы басқалар тағылымды пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, шетелдік ғалымдар халықаралық конференцияның жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған айтып,  ел тарихы үшін маңызды шара деп бағалады.

Аймақ басшысы басқосуда ғалымдар тарапынан көтерілген   барлық ой-ұсыныстар «Тарихы терең Тараз» атты мәдени бағдарламасында назарға алынатынын жеткізді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: ЖамбылКОНФЕРЕНЦИЯТараз
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.