Бүгінгі таңда Жамбыл облысы Тексеру комиссиясы қызметшілерінің тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері басты назарда және қолданыстағы заңнамаларды белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тұрақты негізде шаралар қабылданған. Атап айтқанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды және күресті күшейту жөніндегі 2020-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп бектіліген. Аталмыш іс-шаралар жоспары мекеменің ресми сайтына орналастырылған. Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес әр тармақ бойынша жауапты орындаушылары мен мерзімдері нақты айқындалған. Ресми сайтта Төрағаның блогы жұмыс істеп тұр, сондай-ақ сенім телефонының нөмірі көрсетілген. Ал мекеме қабырғасында баршаға көрінетін жерде өтініштерді қабылдауға арналған арнайы жәшік орнатылған, мекеме басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі ілінген.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 30.07.2020ж. №6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес, аудит тобының қатысушаларына әрбір аудиторлық іс-шараға шығардың алдында жауапты тексеру комиссиясы мүшесінің және Әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен техникалық сабақ өткізіледі. Техникалық сабақта аудиторлардың өз жұмысында сыбайлас жемқорлық фактілерінің орын алуына жол бермеулері, аудит жүргізу барысында бақылау объектісін объективті түрде тексеріп, бақылау объектісінің қызметіне қатысты мән-жайларға толыққанды көз жеткізбей тұрып біржақты пікірлер мен пайымдаулар айтудан аулақ болу, сыйлық немесе тарту алудан, сондай-ақ қаржылық бақылау барысында ұсынылатын әртүрлі қызметтерден бас тарту мәселелеріне қатаң назар аударылады. Аудит барысында шешімдерді қабылдауда барынша әділ болу, лауазымдық міндеттерді орындауға кері әсерін тигізетін жеке байланыстардан бойларын аулақ ұстау туралы ескертіледі. Мекеменің ресми сайтында арнайы «Кері байланыс» бөлімі қарастырылған. Онда мекеменің қабылдау бөлмесінің байланыс телефоны мен телефакс нөмірлері, сондай-ақ электронды мекен-жай көрсетілген.
Жыл басынан бүгінгі күнге дейінгі аралықта сайттағы «Кері байланыс» бөліміне халықтан өтініштер мен талап-тілектер келіп түспеген. Дегенмен, электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы мекемеге ағымдағы жылдың І-жарты жылдығында 6 өтініш келіп түскен. Оның ішінде заңды тұлғалардан 2 өтініш түссе, жеке тұлғалардан 4 өтініш түскен. Түскен өтініштердің барлығы заңнамада белгіленген мерзімдерінде қаралып, тиісті жауаптар ұсынылған.
Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды