Жамбыл облысы, Меркі өңіріндегі ауыл шаруашылығына орта буын мамандарын дайындайтын іргелі оқу орнының бірі — «№9 Меркі колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. Еңбек нарығындағы әртүрлі салалар бойынша туындаған мамандарға қажеттілікті, сұранысты өтеу арқылы «№9 Меркі колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қоғамдағы өзіндік дәрежесін, заманауилығын, маман даярлауда бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеп келе жатқан 68 жылдық тарихы бар білім ордасы.Колледждің іргетасы Меркі ауданында 1953 жылы №102 Ауылшаруашылық механизациялау училищесі, яғни «УМСХ» болып ашылды. Кәсіпорынның қазіргі атауы Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы «28» маусымдағы №198 қаулысының негізінде қайта құрылуына байланысты «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «№9 Меркі колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны» болып аталды.
Колледж 7 мамандық, 11 біліктілік бойынша жұмысшы мамандар даярлайды. Олар:
Мамандығы 07161600 «Ауыл шаруашылығын механикаландыру»,
біліктілігі 3W07161601 «Жөндеуші-слесарь», 3W07161603 «Ауылшаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі»;
Мамандығы 07150500 «Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)»,
біліктілігі 3W07150501 «Электргазымен дәнекерлеуші»;
Мамандығы 07150300 «Токарлық іс (түрлері бойынша)*», біліктілігі 3W07150301
«Токарь»;
Мамандығы 07130100 «Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)»,
біліктілігі 3W07130101«Электромонтер (түрлері және салалары бойынша)»;
Мамандығы 6120100 «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)»,
біліктілігі 3W06120101«Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы»;
Мамандығы 6130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)»,
біліктілігі 4S06130105 «Ақпараттық жүйелер технигі»;
Мамандығы 10130300 «Тамақтандыруды ұйымдастыру»,
біліктілігі 3W10130302 «Кондитер-безендіруші», 3W10130302 «Аспазшы».
Колледждің нарықтағы қажеттілігін анықтайтын басты факторлар, ол – заманауи материалды-техникалық база, білікті оқытушы және икемді, ұтқыр, білімді студенттер. Колледжден түлеп ұшқан түлектер қоғам өмірінің барлық саласында жемісті еңбек етуде. Жұмысқа орналасу деңгейі: 2018 жылы бітірген түлектер саны 153 құраса оның ішінде 91,5 пайызға студенттер жұмыспен қамтылған. 2019 жылы бітірген түлектер – 244, оның ішінде 92 пайыз жұмысқа орнласқан. 2020 жылы бітірген түлектер – 197, оның ішінде жұмысқа орналасу көрсеткіші – 94,4 пайызды құрайды. Колледж студенттері аймақтық және республикалық WorldSkills чемпионаттарына белсенді қатысады және нәтижесінде 2017 жылы Сағымбаев Болмағанбет «Worldskills Taraz-2017», «Сандық бағдарламалармен басқарылатын станоктарда токарлық жұмыс» құзіреттілігі бойынша ІІ дәрежелі дипломмен, 2018 жылы Мәркім Олжас Мәлікұлы «WorldSkills Zhambyl-2018» «Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, ұлттық, республикалық «WordSkills Kazakhstan-2018» чемпионатына жолдама алып, «Жеңіл автокөлікті жөндеу» құзыреттілігі бойынша жүлделі 3 орынды иеленді.
2019 жылы «WordSkills Zhambyl-2019» чемпионатында Асирадинов Майрамбай Жанабайлыұлы «Дизельді қозғалтқыштарды жөндеу және қызмет көрсету» құзіреттілігі бойынша, ІІ дәрежелі дипломмен, Алишерулы Темірлан «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша ІІ дәрежелі дипломмен, Даулет Бауыржан Азаматұлы «Наубайхана ісі» құзыреттілігі бойынша ІІ дәрежелі дипломмен, Зарлық Дарын Мэлсулы «Аспаздық ісі» құзыреттілігі бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
«World Skills-2020» «Графикалық-дизайн» құзіреттілігі бойынша Дүйсенқұлов Альмири ІІ орын, «Дизельді қозғалтқыштарды жөндеу және қызмет көрсету» құзіреттілігі бойынша Гузненков Руслан ІІ орын, «Сандық бағдарламамаен басқарылатын станоктарда токарлық жұмыс» құзіреттілігі бойынша колледж түлегі Исмайлов Азиз ІІ орын, «Наубайхана ісі» құзіреттілігі бойынша Адыгезалов Малик ІІІ орын, «Аспаздық ісі» құзіреттілігі бойынша Мустафаева Жансая ІІІ орын иеленіп, чемпионат кубогімен, медальдармен марапатталды.
Бұл студенттер үшін де, оқытушылар үшін де үлкен тәжірибе болды, олар бұл чемпионатта жаңа тәжірибе алмасып, тәжірибе жинақтады.
Дарынды жастарды қолдау, техникалық кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білімдері, дағдылары мен таланттарының арқасында табысқа жеткен үздік студенттерді және жұмысшы білікті танымал ету мақсатын республикалық «ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті» жобасына қатысып, төсбелгімен , дипломмен ІІ курс студенті Нәметқұл Меруерт марапатталып, «ТОП 100 студенті» қатарына кірді.Робототехникадан облыстык чемпионатында «Робо-сумо»(жоғарғы топ) категориясы бойынша I дәрежелі диплом Бақтыбеков Ансар, «Jameco Robotics Challenge» жарысында Орынбай Олжас 2 орын, «Жаңа инновациялық идеялар» атты «Роботтар сайысы» бағыты бойынша Дуйсенкулов Алмири ІІІ орын, иеленіп қайтты.
«KazRobotics -2019» облыстық іріктеу кезеніңде сызық бойымен жарыс (14-18 жас) бойынша І орын Бекбоев Шарше, «Сызық бойымен жарыс»(жоғарғы топ) категориясы бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталды.
ҚР президенті Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес «Халық алғысы» мерекелік медалімен 3 курс студенті Агакерім Рузвана марапатталып, «Үздік жоба» байқауына өз жобасын ұсынып, 300000тг көлемінде грантын ұтып алды.
№9 Меркі колледжінің 2015 жылғы түлегі ҚР 2016-18 Азия чемпионаты қол күресінің ІҮ–дүркін жеңімпазы, 2016-1-18 Әлем чемпионатының жеңімпазы, 2018 ҚР еңбек сіңірген спортшысы Рахымбаева Жарқынай Сержанқызын Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №261 өкімі бойынша облыс әкімі А.Мырзахметов «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапаттады.
2021 жылдың 23-29 сәуір аралығында Араб әмірлігі Дубай Қаласында өткен қол күрестен әлем кубогында 15 мемлекет 400-ге жуық спортшылыр ішінде №9 Меркі колледжінің 2019 жылғы түлегі абсолюттік салмақтағы спортшы Бакаева Алуа жүлделі 1 орынды иеленіп қайтты.
Бәсекеге қабілетті мамандар даярлау сапасы –өз құзіреттілігіне жауапкершілікпен қарайтын оқытушылар құрамының қызметіне тікелей байланысты.Осы мақсатта «Кәсіпқор» Холдингі» ұйымдастырған біліктілікті арттырудың үш деңгейлі модульдік бағдарламалары бойынша қызметкерлер Малазия,Туркия, мемлекеттерінде және Чехия қаласында және «Жас маман» жобасы бойынша Сингапур мемлекетінде де оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері мен директор және директордың орынбасары біліктілігін арттырды. Білім беру қызметтерін магистрлер,жоғары және бірінші санатты оқытушылар мен қызметкерлер тиімді жүзеге асырып келеді. Нәтижесінде оқытушылар «Мәңгілік елдің мәртебелі ұстазы» төсбелгісімен (Жүнісова Қ,Айтбаев А), «Қазақ елінің үздік ұстазы» төсбелгісімен (Аликулова А, Мадибаева Ж, Мадиева Ғ, Курамаева Н), «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен (Құрымбаева Б), «Ұлт ұстазы» төсбелгісімен (Т.Ташметов, Г.Мадиева) марапатталды. «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен (Айтбаев Б) ҚРБҒМ құрмет грамотасы және алғыс хаттарымен ( Айтбаев Б,Омарбекова Э,Базилов Д, Сабралиева Г,Спағалиев Б,Мусаева А.Аймбетов О) «Үздік педагог» республикалық байқауларында (Токторалиева А, Н.Курамаева, Н.Рахметалиева, Мусаева А,Аликулова А) марапатталды.
Сондай-ақ облыстық«Үздік педагог» байқауының ІІІдәрежелі дипломымен (Айтбаев Б), «Үздік шебер» облыстық байқауының ІІ дәрежелі дипломымен (Аймбетов О) , «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СТАРТ-2020» облыстық жас мамандар байқауының ІІ дәрежелі дипломымен ( Дүйсенова А) марапатталып, сонымен қатар кәсіби шеберлік облыстық «Профи-20» байқауында жүлделі орынды (Қайралапова А,Рахметова Г) иеленді.
«Профи-2021»халықаралық байқауында алғыс хатпен(Шәріпхан Ж,Орынбасар Ж), облыстық «Өз ісінің шебері» байқауында (Ж.Мадибаева) «Заманауи шебер» номинациясын иеленді.
Ұжым «Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі Республикалық қоғамдық байқауында «Ең үздік кәсіпорын, мекеме» атты номинациясының иегері атанды.
«Жас маман» жобасы Қазақстан Республикасының Тұнғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылдың 23 қаңтарында Жастар жылы салтанатты шарасының ашылуында берген тапсырмасы негізінде әзірленген. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Жас маман» жобасын іске асыру Кәсіпқор» холдингіне тапсырылды. Республикалық бюджеттен 180 колледждің материалдық-техникалық базасын жаңарту қолға алынды.
«Жас маман» жобасына Жамбыл облысы бойынша енген он үздік қолледждердің қатарына №9 Меркі колледжінің «Ферма шаруашылығы» мен «Дәнекерлеу ісі» мамандықтары еніп, осы бюджеттен 313144200 млн. теңге қаражат бөлініп, оған қажетті барлық заттар алынды.
«Жас маман» жобасы бойынша колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, заманауи сапалы құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бұл орта буын жұмысшы мамандарын, сапалы бәсекеге қабілетті етіп дайындауға мүмкіндік бере отырып еліміздің экономикасын дамытуға зор үлесін қосады. Осы жоба бойынша оқу-өндірістік құзыреттілік орталықтары ашылды және үздік әлемдік стандарттар мен тәжірибеге, соның ішінде WorldSkills стандарттарына сай еңбек нарығына жақсы дайындалған кадрларды шығаруға мүмкіндік береді.