«Байзақ-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қазіргі таңда өз жұмысын жүзеге асыруда. «Байзақ – адалдық алаңы» жобалық кеңсе қызметкерлері аудан, ауыл аумағында атқарылған жұмыстарын халыққа кеңінен жариялау, тұрғындардың сауалдарына жедел әрі нақты жауап беру мақсатында 2021 жылдың 7 айында — 99 тікелей эфир өткізген. Оның ішінде «Антикор Лайф» акциясы аясында 50, «Адал көмек» аясында — 52 тікелей эфир өткізілген. Эфирге аудан әкімінің орынбасарлары, бөлімдер, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары және мекеме басшылары қамтылған. Сонымен қатар, «Байзақ – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аудан аумағында мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары, білім мекемелерінде санитарлық нормаларды сақтау, елді мекендердің тазалық жұмыстарының барысын назарда ұстауда. 2021 жылы 20 зерделеу жұмыстарын жүргізіп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында тиісті мекемелерге ұсыныс жолданған. Байзақ ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі №158 қаулысымен «Байзақ ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері» жөніндегі ведомствоаралық комиссия бекітіліп, 2021 жылға комиссияның 2 отырысы өткізілген. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша халық және мемлекеттік органдар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан әкімінің 2020 жылғы 19 қарашадағы №128-өкімімен «Байзақ ауданы әкімдігі жанындағы ақпараттық үгіт-насихат штабы» құрылып, елді мекендегі тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен 18 кездесулер өткізілген. Аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың ғимараттарында «Пара берсең 15 жылға жазаланасың», «Пара беру – бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады», «Егер сізден пара талап етсе» тақырыптарында азаматтарға арналған жаднамалар мен (1424) сенім телефондары ілінді. Әр мемлекеттік қызметшінің жұмыс орнында «Мемлекеттік қызметшіге сыйлық алуға тыйым салынады» деген ақпараттық куверткалар мен арыз–шағымдар жәшіктері орналастырылған. Аудан бюджетінен үкіметтік емес ұйымдар арасында өткізілетін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында 2020 жылы 600 мың теңге, 2021 жылы 700 мың теңге қарастырылған. Бүгінгі таңда, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында баспасөз беттерінде 37 мақала, 41 әлеуметтік желілерде мақала жарияланып, халық көп шоғырланған жерлерге аудан аумағында үгіт насихаттық мәнде барлығы 18 баннер орналастырылған. Сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес» республикалық акциясын аудан әкімі, ауылдық округ әкімдері, бөлім және мекеме басшылары қолдап, өз айлық жалақы мөлшерін жария етіп, облыстық телеарнада жарияланған. Байзақ ауданы әкімінің 2018 жылғы 13 тамыздағы №98 өкімімен үкіметтік емес ұйым өкілдерінен тұратын сыртқы талдау және бағалау жүргізу жөніндегі арнайы мониторингтік топ құрылып, өз жұмысын жүргізуде. 2020 жылдың қорытындысы бойынша аудандық мониторингтік топпен аудан әкімдігінің бөлімдері, ауыл және ауылдық округтер әкімі аппараттары, аудандық орталық аурухана және аудандық мемлекеттік мекемелері қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және алдын алу бойынша кездесу жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау мен бағалаудың білім беру мекемелерінде зерделеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде осы бағытта туындаған кемшіліктерді жою бойынша аудандағы 18 ауыл және ауылдық округтегі мектеп пен балабақшаларда санитарлық пост енгізу бойынша ұсыныстар берілген. Сонымен қатар, тұрғындардың уақытын үнемдеу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 2020 жылы 26 тамыз күні аудан орталығында «NurOtan» партиясының аудандық филиалының ғимаратында «Сервистік әкімдік» ашылған. Кеңседе аудан тұрғындарына жер қатынастары, сәулет қала құрылысы, жұмыспен қамту, ауылшаруашылық және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты мемлекеттік қызметтің 28 түрі ұсынылуда. 2020 жылы Талас, Көкөзек Дихан-2, Ақжар және Ақшолақ ауылдық кітапханалардан да аталған ақпараттық орталықтар ашылған. Оған аудандық бюджеттен 3 млн. 800 теңге бөлініп, қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша 8 түсіндірме жұмыстары жүргізілді Аудан бойынша 2021 жылдың 7 айында мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелмеген.
Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды