• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ӘЙЕЛДЕРДІ КӘСІПКЕРЛІККЕ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙМЕК

11.05.2021
0
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ӘЙЕЛДЕРДІ КӘСІПКЕРЛІККЕ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙМЕК
189
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев әлеуметтік бизнес саласында жүрген бір топ нәзік жандармен кездесті. Басқосуда облыс әкімі ер азаматтармен иық тіресе еңбек етіп, қоғамның ілгерілеуіне аянбай үлес қосып жүрген белсенді әйелдердің еңбегін айрықша атап өтті.

Өңір басшысы жеке кәсіпкер Ақмарал Басированы өзге бұрымдыларға үлгі қылып, оның ерік-жігеріне, бастамаларына қолдау білдірді.

— Ақмарал бес баланың анасы, бұрынырақта ол да тұрмыстың машақатын көп көрген. Алайда, оның жеке кәсіпкерлікке жол салып, ісін дөңгелетіп кеткені қуантады. Осы бағыттағы еңбегі құрметке лайық. Ақмарал мемлекеттің қолдауымен әлеуметтік бизнес саласына келіп, несібесін тауып жүр. Жерлесіміз, Жаңатас қаласының тумасы өзінің отбасын ғана асырап қоймай, өзгелердің де «екі қолына, бір күрек» беріп, кәсіпкерлікке баулу үстінде. Ақмарал Алматы қаласында алғашқы болып «Бақытты отбасы – Алатау» орталығын ашты, — деген Б.Сапарбаев осы орталық арқылы көптеген көп балалы, жалғыз басты аналар қамқорлық көріп, кәсіп бастап, бір-бірін демеп жүргенін әңгімеледі.

Аймақ басшысы Жамбыл облыстық іскер әйелдер қауымдастығының да жемісті жұмысына тоқталып, игі істеріне жергілікті әкімдік тарапынан қолдаудың үзілмейтінін мәлімдеді. Сонымен қатар, жиынға қатысып отырған аналарды масылдық пен мұқтаждықты айыра білуге шақырды.

— «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген Абай атамыз. «Жақсыдан үйрен» деген халық даналығы тағы бар. Мемлекеттің қолдау-көмегін де көре білуіміз керек қой. Мәселен, ортақ топтарда неге мемлекеттік бағдарламалардың пайдасы, мүмкіндіктері туралы ой бөліспейді, пікір алмаспайды, кеңес алмайды бір-бірінен. Шындығында, мемлекеттен кәсіпкерлікке де, әлеуметтік салаға да қыруар қаржы бөлінеді жыл сайын. Соларды қалай пайдалану керектігін неге сұрамайды бізден? Ауылдағы аналар кейбір бағдарламалардан тіптен бейхабар. Олар кәсіп түрлерін қалай оқу керек, қалай сертификат алу керек, бизнес жасауға септесетін көмекті қалай алу керек деген сияқты сауалдардың жауабын білмейді. Оны біз үйретуге тиіспіз, — деген облыс әкімі тараздық, тумысынан екі қолы жоқ Анар есімді тігінші әйелдің еңбегін де үлгі қылып, оның үш отбасын кәсіпкерлікке баулып жүргенін тілге тиек етті.

Жиында Бердібек Машбекұлы былтыр Тараз қаласында да «Бақытты отбасы» орталығы ашылғанын еске салып, бүгінде бұл мекеменің де табысты жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, енді жеке кәсіпкердің демеушілігімен «Анаға тағзым» орталығының іргесі қаланып жатыр. Аталған нысан осы күзде ашылып, аймақтағы әйелдер мен қыз-келіншектерге қызмет ететін болады.

— Мемлекеттің бар қолдау-көмегін пайдаланып табыс тапқанға не жетсін?! Сол себептен жақын арада әйелдерге арналған ауқымды семинар-форум ұйымдастыратын боламыз. Онда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жолдарын зерделейміз, ауылдық аймақтардағы аналарға үйрету тәсілдерін талқылаймыз, — деді аймақ басшысы.

Б.Сапарбаев осы басқосуға қатысушыларды бастамаға белсене атсалысуға шақырып, салаға жауапты мекемелердің басшыларына, әсіресе «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасына бірлесе жұмыс істеуді тапсырды.

Кездесуде сөз алған «Бақытты отбасы – Алатау» қолдау орталығының жетекшісі, әлеуметтік кәсіпкер Ақмарал Басирова тірліктен қашып, масылдыққа бой алдыру елдің экономикасына өз кесірін тигізетінін баса айтты. Ол күні кеше ғана Сарысу ауданының орталығы – Жаңатас қаласының аналарымен дидарласқанын жеткізді.

— Осыдан бес-алты жыл бұрынғы менің де тұрмыстық ахуалым мәз емес болатын. Мен де мемлекеттен түрлі көмек, жәрдемақы алатын едім. Өйткені, шаңырағымның асырушысы, куйеуім инсульт алып, нан табуға дәрменсіз болып қалды. Ескі көлігімізбен жолаушы тасымалдадық, қара жұмыс істедік, бірақ табысымыз күнделікті нан-пұлымыздан артылмады. Үйімізге келетін түрлі көмектерден бала-шағам ұялатын еді. Бұл маған ауыр тиді. Көп ойлана келе, кәсіп бастауға бел будым. Бұл ойыма Алматы қалалық әкімдігі қолдау көрсетті. Тиісінше, қолдарында бар дүниемен қол ұшын созды, мемлекеттік бағдарламалардың шапағатын көрдік. Бақытымызға қарай, кәсібім жүйесін тауып, дөңгелеп жүре берді. Кейін жер алдық, бір жылы іргетасын қаладық, келесі жылы қабырғасын көтердік. Қазір балаларым кең баспанада тұрып жатыр, — деген кәсіпкер алматылық аналарға қалай жәрдем беріп жатқанына тоқталды.

Ақмарал «қарны ашқан көршіңе балық берме, қармақ бер» деген ұстанымды негізге алған. Ынтасы бар аналарға тегін кеңес береді, кәсіп бастауға, мемлекеттік бағдарламалардың пайдасын көру жолдарын үйретеді.

Жиында облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Меруерт Лештаева ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай жамбылдық отыз әйелді бизнеске баули бастағандарын сүйіншіледі. Әрқайсысы бір-бір кәсіпті зерттеп, зерделеп, іске кірісіп жатқан олардың есімдері жылдың соңында, Тәуелсіздік күні қарсаңында жарияланбақ. Тараз қаласындағы өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында тұратын тәрбиеленушілер үшін бизнес-сыныптар мен шеберлік сағаттарын өткізіп, жалғыз басты қарияларға көмек көрсетіп жүрген ол карантин кезінде де азық-түлік пакеттерін, дәрі-дәрмектер үлестірумен белсенді айналысқан. М.Лештаева жұмыстан қашпайтын аналарды әркез қолдайтындарын, кәсіпкерлік негіздерін үйретуге әркез әзір екендерін де мәлімдеді.

Облыстық мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер Айгүл Ақшалова соңғы кездері әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарған шаруаларын әңгімелесе, облыстық «Бақытты отбасы» орталығының жетекшісі Гүлнара Нарболдиева орталықтың қазіргі тыныс-тіршілігін баяндады. Онда бүгінге дейін 3 700-ге тарта отбасыға қызмет көрсетіліпті. Оның ішінде 1100-ден астамы көп балалы ана болса, 750-ге жуығы аз қамтылған отбасылар екен. Сонымен қатар 684 толық емес отбасы, 900-ден аса толық отбасы, 200-дей мүгедек бала асыраушы және мүгедек болып танылғандар бар.

— 933 ана әлеуметтік қызметкердің кеңесін алды, 328 әйел алимент өндіру және құқықтық мәселелер бойынша заңгер маманының көмегіне жүгінді. 329 әйелге психолог мамандарымыз кеңес берді. Оқыту курстарына 1 741 отбасы тіркеліп, қолөнер бұйымдарын және тігін тігуді үйренді, оқушыларды ҰБТ-ға дайындауға дағдыланды. 210 — ана өз кәсібін ашу мақсатында қаржылық сауаттылық сабақтарына қатысты, — деп атап өтті ол.

Басқосуды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қорытындылап, аймақта әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту ісін жетілдіре түсу қажеттігін, ауылдық аймақтарда мемлекеттік бағдарламалардың пайдасын, өзге де көмек түрлерін алу жолдарын түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Жауапты құрылымдар осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіріп, бірлесе еңбек етуі керек. Сонымен бірге әлеуметтік кәсіпкерлік тақырыбында ауқымды семинар-форумды ұйымдастыру жұмыстары уақыт озбай басталғаны дұрыс.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kzанаатамекенКәсіпкер
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Өңірде «Қалқан-Антитеррор-2025» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Өңірде «Қалқан-Антитеррор-2025» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

16.06.2025
Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі орталығының Директоры ауысты

Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі орталығының Директоры ауысты

16.06.2025
Парижде Нұрғиса Тілендиевке арналған көрме ашылды

Парижде Нұрғиса Тілендиевке арналған көрме ашылды

16.06.2025
Қарағандыда көмір химия зауыты салынуы мүмкін

Қарағандыда көмір химия зауыты салынуы мүмкін

16.06.2025
Тоқаев Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды

Тоқаев Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды

16.06.2025
Иран Израильге қарсы зымыран соққыларын жасауда

Иран Израильге қарсы зымыран соққыларын жасауда

16.06.2025
АЭС құрылысын қай ел жүргізеді?

Қазақстанда АЭС құрылысы қашан аяқталады?

16.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты