• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
17.11.2026, 18:48
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

70 мыңнан астам адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған

turan_admin turan_admin
25.11.2020, 10:36
Облыс жаңалықтары
70 мыңнан астам адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған
173
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
 Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен бейне-байланыс режимінде өткен кезекті аппараттық кеңесте жұмыспен қамту, еңбек заңнамасын бұзу және алдағы мерекелерге дайындық барысына қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков жыл басынан бері «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары аясында 72,7 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылғанын айтты. Тұрақты жұмыс орындарының үлесі 62,5 пайызды құраған.
«Еңбек» бағдарламасы бойынша 1323 тұрғын 5,1 миллиард теңгенің шағын несиелеріне қол жеткізген, 6701 адам 3,68 миллиард теңгенің қайтарымсыз гранттына ие болған.  1627 адам қысқа мерзімді оқудан өтсе, 2459 маман жастар практикасына жіберілген. Ал 1567 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып, қоғамдық ақылы жұмысқа 13348 адам тартылған.
Жорабек Баубеков барлық осы тармақтар бойынша жоспардың толық орындалмағандығына назар аударды. Аймақ басшысы аудан әкімдерінен бөлінген ақшаның жыл соңына дейін игерілуін қамтамасыз етуді талап етті.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жалпы құны 64,2 миллиард теңгені құрайтын 809 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Қазірдің өзінде 708 учаскеде құрылыс жұмыстары аяқталды. 20 043 жұмыс орны құрылды, жоспар 2,2 пайызға артығымен орындалды.
— Үшінші тоқсандағы мәліметтер бойынша жұмыссыздар саны 14891 адамды құраса, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 922-ге аз. Жұмыссыздық деңгейі 0,1 пайызға төмендеп, 4,7 пайызды құрады, — деді Ж.Баубеков.
— Мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде, қосымша жұмыс орындарын ашуға барлық жағдай жасалған. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуда мемлекеттік саясатты табысты жүзеге асыру рейтингісінде біздің облыс екінші орында тұр. Көрсеткіштер ойдағыдай дегенмен, босаңсуға болмайды. Басты міндет – қарқынның төмендеуіне жол бермеу, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.
Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қайрат Досаев жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалардың 676 өтініші қаралғанын хабарлады.
— Жоспардан тыс 81 тексеру жүргізіліп, нәтижелері бойынша 104 заң бұзушылық расталды. Барлығы 48 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде 451,7 млн.теңге көлеміндегі жалақы бойынша берешек өндіріліп, 4139 қызметкердің еңбек құқығы қорғалған. Сонымен қатар, департамент қызметкерлері «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында ұйымдастырылған ауыл тұрғындарымен кездесулер барысында еңбек құқығы бойынша кеңестер берді, — деді Қайрат Досаев.
Сонымен қатар ол жұмысшыларына жалақыны уақытылы төлемейтін кәсіпорындар туралы тоқталып өтті.
Облыс әкімі өзінің орынбасарлары Алмас Мәдиевке кәсіпорындардың қарыздарына қатысты мәселені шешуді, Ержан Жылқыбаевқа бюджет қызметкерлерінің жалақыларын уақытында алуын бақылауды тапсырды. Ол Қоғамдық кеңестерді осы іске атсалысуға шақырды.
Ішкі саясат басқармасының басшысы Дауыл Бейсенқұлов Тұңғыш Президент күніне, Тәуелсіздік мерекесіне, Әл-Фарабидің 1150, Абайдың 175, Бауыржан Момышұлының 110, Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған жоспарланған іс-шаралар туралы баяндады.
— Биыл біз бірден бірнеше маңызды мерекелерді атап өтудеміз. Барлық іс-шаралар жоғары деңгейде өтуі керек. Адамдар карантиннен шаршады, олар мерекелегісі келеді, бірақ санитарлық талаптарды қатаң сақтауды ұмытпауға тиіспіз,- деді Бердібек Сапарбаев.
Ол аталған мерекелердің тәрбиелік мәні зор екенін тілге тиек етті.
— Осы іс-шаралардың барлығына да жастарды белсенді қатыстыру қажет. Шынында да, олардың көбі белгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың Жамбыл ауданының Жалпақтөбе ауылында ұзақ жылдар бойы тұрғанынан хабарсыз. Өкінішке орай, олар Әл-Фараби мен Абайдың шығармаларын толық танып, ұлы Бауыржан Момышұлының ерлігі туралы біле бермейді, — деді облыс әкімі.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Аппарат басшысының орынбасарлары тағайындалды

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43
Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

17.11.2026, 10:26
Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

13.11.2026, 20:57
Жамбылдық Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Жамбылдық Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

13.11.2026, 12:53
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбылда 116 инвестициялық жоба жүзеге асады: «Әділет» кандидаттары өндіріс ұжымымен кездесті

17.11.2026, 18:29

«Ақ әжелер ізімен» облыстық жобасының үздіктері анықталды

17.11.2026, 17:41

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43

Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

17.11.2026, 10:26

«Әділет» кандидаттары денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелерін талқылады

16.11.2026, 18:06

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.