Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысының алғашқы күнінде құрылтай мүшелері тарапынан 200-ден астам ұсыныс айтылды, — деп хабарлайды turaninfo.kz порталы Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
«Талқылау барысында 200-ден астам ұсыныс айтылды. Бұл бастамалардың барлығы жинақталды. Олардың кейбірін бүгін құрылтай мүшелері өз баяндамаларында егжей-тегжейлі таныстырады», деді Мемлекеттік кеңесші.
Айта кетейік, бүгін Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды.







