• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:10
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Зорлық — зомбылықсыз отбасы — бақыт мекені» тақырыбында форум өтті

Шу ауданы М.Мақатаев мектебінде «Зорлық — зомбылықсыз отбасы — бақыт мекені» тақырыбында форум өтті. Іс-шараға спикер ретінде білікті психолог Марал Хантөреқызы арнайы келіп, өзінің ой-пікірлерімен бөлісті. Отбасындаға ана мен әкенің рөлі және міндеттері туралы тарқатты. Олардың жай-күйінің отбасындағы психологиялық ахуал туғызатындығын т.б. мысалдарды ерекше атап өтті.

turan_admin turan_admin
26.12.2024, 12:46
Жаңалықтар, Қала жаңалықтары
«Зорлық — зомбылықсыз отбасы — бақыт мекені» тақырыбында форум өтті
127
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Психологиялық зорлық-зомбылық: Балаға назар аудармау, кері итеру, бақылау, баланы қорқытуға, үрей сезімін тудыруға, баланың мінезіне кері ықпал етуге қасақана жасалатын вербалды қарым-қатынас.

Физикалық зорлық-зомбылық: Балаға қатысты өзге баланың не ересектің тарапынан физикалық зардапқа не жарақатқа әкелетін, баланың денсаулығына физикалық күш көрсету арқылы жасалатын әркеттер. Физикалық зорлық-зомбылық ретінде іс-әрекеттің түрлері көп: соққы, ұру, итеру,тебу, тұншықтыру, шаштан тарту, сілкілеу, қандай да бір затпен не қарумен шабуыл жасау.

Бопсалау —  балаға зорлық не тән жарақатын салу қаупін қосқанда, қысым жасау не мәжбүрлеу арқылы заңсыз ақша мен мүлік талап ету және алу түрінде көрінетін қылмыс.

Кемсітушілік – баланың жынысына, ұлтына, ұлыстық мәртебесіне, әлеуметтік – экономикалық жағдайына, дініне не мүгедектігіне негізделген әділетсіз не бөліп-жару қарым-қатынасы

Кибербуллинг —  баланың қыр соңына түсу, қорқыту, ұялту мақсатында Интернетті не басқа технологияларды пайдалану. Дөрекі, қатыгез сипаттағы мәтіндік хабарламалар жіберу; жәбірленушіні онлайн режімінде мазақ ету не жеке басына тән ақпаратты, фотоны не бейнежазбаны орналастыру; басқа баланың қыр соңына түсу не мазақ ету мақсатында жалған тіркеу жазбасы.

Зорлық-зомбылықтың  алдын алу:

  • Көшеде түнге дейін жүрмеу, үлкендердің ақылын тыңдау;
  • Танымайтын көліктерге отырмау;
  • Бейтаныс адамдармен жақын сөйлеспеу;
  • Жан-жал туындаған сәтте сабырлылықпен  шешу;
  • Ұрыс, төбелестің куәсі болған жағдайда үлкендерге ескерту;
  • Қауіпті жерлермен жүрмеу.

Балалардың құқығын қорғау – егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі. Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Оның етек алуы отбасынан басталады. Отбасындағы сауаттылық – өркениетті қоғамның талабы, өйткені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып, қалыптасады. Адамды өзара түсіністікке жеткізетін шынайы да, тұрақты сүйіспеншілік дәстүрлері де тек салауатты отбасында ғана қалыптасады.

Өз кезегінде сөз алған Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті — Әбдиев Еркін Қайырбекұлы зорлық-зомбылықсыз отбасының сипатын және ер азаматтардың негізгі міндеттерін тілге тиек етті. Сонымен бірге зорлық-зомбылықсыз отбасында өскен баланың болашағы, тұлғалық дамуы бойынша ақпараттармен бөлісті:

Баланың ойдағыдай бейімделіп келе жатқанын қалай түсінуге болады

  1. Баланың білім алу барысына көңілі толады.
  2. Бала оқу бағдарламасын оңай меңгеріп жатыр.
  3. Оқу тапсырмаларын орындау кезінде баланың өз бетінше жұмыс жасау дәрежесі жоғары, тапсырманы алдымен өзі орындап көруге тырысқаннан КЕЙІН ғана ересектердің көмегіне жүгінуге дайын.
  4. Сыныптастарымен және мұғаліммен тұлғааралық қарым-қатынастарына көңілі толады.

Дәл осындай маңызды ақпараттар жиынға қатысқан мектеп психологы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қызығушылығын оятып, өзара пікір алмасуға ықпал етті. Сұхбат барысында:

– «Отбасы дегеніміз – адамзаттың өзі­нің өмір сүру тарихында құрған ең ұлы құндылықтарының бірі. Отбасының даму үстінде болуына, сақталуына және нығайып отыруына қоғам және мемлекет әрдайым назарын бағыттайды. Әр адамға, жас шамасына қарамастан, берік әрі сенімді отбасы қажет. Қазіргі таңда бүкіл әлемде отбасы ішіндегі тұрмыстық зорлық-зомбылық кең тарауда. Соңғы жылдары тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі құқық қорғау органдары мен халықтың назарын күшейте түсті. Біз бұл мақсатта жұмысымызды жүйелі түрде жалғастыра береміз. Біздің мақсат – отбасын ажырату емес, керісінше бірлігі бекем, берекелі шаңырақтың санын арттыру, – деді Марал Хантөреқызы өз сөзінде. Жиын соңы естелік суретке түсумен қорытындыланды.

Тегтер: зорлық зомбылықтың алдын алушу ауданы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Әке, олар мені ұмытқан жоқ»: Жамбылда қаза тапқан полицейлердің балалары алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

«Әке, олар мені ұмытқан жоқ»: Жамбылда қаза тапқан полицейлердің балалары алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

02.09.2026, 13:15
Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

02.09.2026, 13:00
Таразда Қойгелді көшесін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Таразда Қойгелді көшесін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда

25.08.2026, 17:00
Биыл Таразда 115 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын

Биыл Таразда 115 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын

25.08.2026, 16:51

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.