Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының м.а. 2021 жылғы 21 қыркүйектегі №186 ж/қ бұйрығымен Тыныбеков Нұрмахан Аманбайұлы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
ТЫНЫБЕКОВ НҰРМАХАН АМАНБАЙҰЛЫ
1964 жылы Жуалы ауданының Шақпақата ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Жамбыл педагогикалық институтын «математика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1981-1983 жылдары Қазақ политехникалық институтының Қаратаудағы филиалында, «Қаратау» өндірістік бірлестігінің өндірістік-санитариялық зертханасында зертханашы болып бастаған.1985-2005 жылдар аралығында ауыл мектебінде мұғалім, Бауыржан Момышұлы атындағы кеңшардың комсомол ұйымының хатшысы,Түлкібас ауданы М.Лермонтов атындағы орта мектепте, Жуалы ауданындағы №16 орта кәсіптік-техникалық училищесінде мұғалім, №4Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары секілді қызмет сатыларынан өткен.
2005-2007 жылдары Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі бастығының орынбасары, 2007 жылдан осы күнге дейін №4Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектептің директоры лауазымдарын атқарған.
Отбасылы, төрт ұл-қыз тәрбиелеп отыр.