• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:31
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жолдарды қыс мезгілінде күтіп-ұстау шараларына толық дайын болуға тиіспіз – Н. Нұржігітов

turan_admin turan_admin
01.11.2022, 21:18
Облыс жаңалықтары
Жолдарды қыс мезгілінде күтіп-ұстау шараларына толық дайын болуға тиіспіз – Н. Нұржігітов
197
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте автобус маршруттарын жетілдіру және жолдардың қыс мезгіліне дайындық мәселелері қаралды.

Басқосуда баяндама жасаған жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков алдымен автобус маршуттарына қатысты жағдайды баяндады.

Ол басқарма тарапынан – облысаралық 13 маршрут, ауданаралық 25 маршрут ұйымдастырылғанын жеткізді.

— Бүгінгі таңда, облысымызда халық тарапынан сұранысқа сәйкес, Тараз қаласынан және аудан орталықтарынан Алматы қаласына – 8 облысаралық маршрут, Қарағанды қаласы – 1 маршрут, Астана қаласы – 1 маршрут ұйымдастырылған.

Тараз қаласы мен 8 аудан орталықтарын қосатын ауданаралық маршруттар және екі ауданды өзара қосатын 3 маршрут қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, Тараз қаласын аудандардың елді мекендерімен қосатын 14 маршрут ұйымдастырылған.

Жалпы Тараз қаласын қосқанда 371 елді мекеннің 355-інде тұрғын саны 100 адамнан асады. Олардың ішінде 220 елді мекен қоғамдық көлікпен қамтылған.

Облысымыздың тұрғын саны 100 адамнан асатын елді мекендерін қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында, қосымша 54 ауданішілік маршрут ашу қажет етілуде,-деді Бақытжан Жәнібеков.

Облыс әкімі кейбір кемшіліктер бойынша Тараз қаласы мен аудан әкімдерінен жауаптар алып, қоғамдық көлік қозғалысын реттеуді тапсырды. Әсіресе, Тараз қаласына қатысты көп сын айтылатынын ескертіп, 15 шағын аудан бойынша маршруттарды шешу мәселесін жеделдету қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, аймақ басшысы 2025 жылға дейін барлық елді мекен қоғамдық көлікпен қамтамасыз етілу керектігін атап өтті.

Жиында облыс аумағындағы жалпы пайдаланымдағы автожолдарды қыс мезгілінде күтіп-ұстау шараларына дайындық мәселелері де қаралды.

Ағымдағы жылдың 27-29 қазан аралығында аталған басқармамен автомобиль жолдарының қысқы кезеңге дайындығына зерделеу жұмыстары жүргізілген.

Жалпы жергілікті маңызы бар жолдарды 2022 жылдың қараша-желтоқсан айларында қысқы күтіп ұстауға 189,0 млн.теңге бөлінген. Бұл жұмыстарға 23 мердігерлік ұйымдар тарту жоспарланған. Бүгінгі таңда, анықталған мердігерлермен 186 бірлік жол техникасы мен жабдықтар, 7010 тонна құм, 890 тонна тұз дайындалған.

Басқосу барысында «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Жамбыл облысы филиалының директоры Айжан Туғанова аймақтағы республикалық  маңызы бар  автомобиль  жолдарын  қыс  мезгілінде    күтіп   ұстауға   және  жол-пайдалану  техниканың  даярлығы  туралы баяндады.  Ол  5 жылу  пункті  және  5 өндірістік базалары  және 58 бірлік техник дайындалғанын тілге тиек етті. Қосымша 9 бірлік арнайы техникаларды жалға  алуға  келісім  шарт  жасалған.

Нұржан Нұржігітов жауапты тұлғаларға күтіп ұстау жұмыстарын үздіксіз, қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында, қажетті инертті материалдар қорын 100 пайыз дайындауды, мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастыру барысында техникалық ерекшеліктеріне, әлеуетті өтінім берушілердің жабдықталған материалдық және техникалық базаларының болуына талап қоюды, қыс мезгіліндегі қажетті инертті материалдарды жабық бастырмаларда сақтауды қамтамасыз етуді, барлық жолдарға қыс маусымында қойылатын уақытша жол белгілерін орнатуды қамтамасыз етуді міндеттеді.

Сондай-ақ, аймақ басшысы тиісті жанар-жағармайдың жеткілікті қорын қамтамасыз ету, қыс мерзімінде тәулік бойы кезекшілікті ұйымдастыру бойынша тапсырмалар жүктеді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.