Автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы бойынша
Жалпы автомобиль жолдары /4327 шқ/ мен елді-мекен көшелерінің желісі /5662 шқ/ 9 989 шқ құрайды.
(оның ішінде:республикалық– 1152 шқ, облыстық – 1987 шқ, аудандық– 1188 шқ, елді-мекендер көшелері – 5662 шқ).
2020 жылы жалпы 30,2 млрд.теңге бөлініп, Оның ішінде, 23,1 млрд. теңге – республикалық, 5,8 млрд. теңге – облыстық, 1,3 млрд.тенге — жергілікті бюджеттерден.
1145 жоба іске асырылуда.
Оның ішінде:
— «Нұрлы жол» бағдарламасымен – 23 жоба/8,3 млрд.тг, о.і.: РБ-3,7; ОБ-4,6 млрд.тг/;
— «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасымен – 84 жоба; /2,4 млрд.тг, о.і.: РБ-2,1; ОБ-0,3 млрд.тг/;
-«Жұмыспен қамту»жол картасы – 843 жоба /15,2 млрд.теңге, РБ, облигация/;
— Үкімет резерві – 96 жоба /1,9 млрд.теңге, РБ/;
— Жергілікті бюджеттерден — 99 жоба /2,4 млрд.теңге, ОБ, РайБ/;
Бөлінген қаржы есебінен жалпы 1346,2 шқ жол жөндеумен қамтылып жатыр.
О.і.; 18 шақырым жаңа жол құрылысы, 6,1 шақырым қайта жаңғырту және 1322,1 шақырым ағымды және орта жөндеулер жүргізілетін болады.
Атап айтсақ:
180,57 шқ – облыстық маңызы бар автожолдар /7,4 шқ — құрылыс; 6,1 шқ – қайта жаңғырту; 167,07 шқ орта жөндеулер/;
139,3 шқ – аудандық маңызы бар автожолдар /10,6 шқ. – құрылыс; 128,7 шқ — орта жөндеулер/;
1026,33 шқ – елді мекен көшелері /ағымды және орта жөндеулер/.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2020 жылдың қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті автожолдардың үлесі нысаналы индикаторын 85%-дан 90%-ға, елді-мекен көшелерінің көрсеткіші 77,2% (2019 – 59,5%) жеткізіледі.
Жол жөндеу жұмыстарының сапасы басты назарда.
Бұл тұрғыда, «Жол активтерінің Сапа орталығы» мен бірлесіп, тұрақты зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған бағытта бюджеттен 163,9 млн.теңге бөлінген.
Жыл басынан Сапа орталығымен 164 жерге шығып зерделеу жүргізіліп, 475 сынама алынды. Нәтижесінде, 26 ескертулер мен кемшіліктер беріліп, жобаларды іске асыру барысында жойылуда. Бұл жұмыстар келесі жылыда жалғасын таппақ.
Облыс бойынша 341 елді мекенді аудан және облыс орталықтарымен байланыстыратын 200 автобус маршруттары ұйымдастырылған, оның ішінде 25 маршрут облысаралық, 59 – ауданаралық, 74 – ауданішілік және ауылішілік, 42 – қалалық болып табылады.
Сонымен қатар, өзекті мәселелердің бірі – ауыр жүк көліктерінің бақылаусыз жүруінен автожолдардың мерзімінен бұзылуы болып табылады. Бұл бағытта ауыр жүк көлік иелеріне 871 әкімшілік хаттамалар толтырылып, 35,5 млн. теңге айыппұл салынды (өндірілгені 31,2 млн. теңге).
Еліміздегі енгізілген Төтенше жағдай және карантин режимі салдарынан көлік қызметіне шектеу қойылып, «Көлік және қоймалау» әлеуметтік-экономикалық көрсеткішіне кері әсерін тигізді. Мәселен, 2020 жылдың 9 айында жұмыс көлемі облыста 330,5 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 7,1% азайды, дегенмен, бұл республикалық орташа көрсеткіштен 4,0%-ға жоғары (облыстық – 97,2, республика – 93,2).
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Тараз қаласындағы қоғамдық көліктерге электрондық билеттендіру жүйесі енгізілуімен, жолаушылар ағымының нақты саны анықталып, жасырын қаржы айналымы жойылды. Жүйе енгізілгенге дейін тасымалдаушылар статистикалық ай сайынғы есепте көрсетіп жүрген жолаушылар саны, жүйе енгізілген күннен бері 50% дейін өскен.
Бүгінде қаладағы 82641 бірыңғай, 7520 оқушы карталары сатылды, сатылымда 32759 бірыңғай, 12480 оқушы картасы бар. Қосымша 34600 бірыңғай, 30000 оқушы картасына тапсырыс берілді (жалпы біріңғай 67359, оқушы 42480).
Бүгінге 297 дана стационарлық терминал және 346 мобильді терминал орнатылды.
Көлік карталарын сататын қаладағы 15 сату пунктінде және пайдаланушыларға қызмет көрсету орталығында бүгінгі күнге ұзын-сонар кезек жоқ. Мәселе күнделікті бақылауда.
Облыс бойынша 341 елді мекенді аудан және облыс орталықтарымен байланыстыратын 200 автобус маршруттары ұйымдастырылған, оның ішінде 25 маршрут облысаралық, 59 – ауданаралық, 74 – ауданішілік және ауылішілік, 42 – қалалық болып табылады.
Бұл бағыттарда 1324 бірлік автобуспен (187-облысаралық, 248-ауданаралық, 314 — ауданішілік, 575 – қалалық және қала маңындағы) 29 тасымалдаушы қызмет көрсетеді.
Қалалық бағыттарға жеке меншіктегі 10 тасымалдаушы мекеме 575 бірлік автобуспен қызмет көрсетеді. Облыс бойынша автобустардың орташа пайдалану мерзімі – 9 жылды құраса, Тараз қаласында автобустардың орташа пайдалану мерзімі – 6 жылды құрайды, тозған автобустардың үлесі (7 жылдан жоғары) – 144 бірлік немесе 25%.
Тасымалдау сапасын және қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін автобус парктерін кезең кезеңімен, яғни жыл сайын кемінде 50 бірлік автобустан жаңарту жұмыстары бақылануда. Мәселен, облыста 2018 жылы – 71 бірлік, 2019 жылы – 81 бірлік автобус сатып алынса, жоспар бойынша 2020 жылы – 50 бірлік, 2021-2024 жылдар аралығында тасымалдаушылар есебінен 200 бірлік жаңа автобус сатып алу жоспарланып отыр.
Облыс әкімінің қолдауымен өзін-өзі ақтамайтын «Шу – Мойынқұм – Ақбақай» және «Тараз – Шығанақ» автобус бағыттары Әлеуметтік маңызы бар автобус бағыттары ретінде танылып, бүгінгі таңда облыстық бюджеттен субсидияланады. Бұл бағыттарда жол ақысы 500 теңге болып белгіленіп, шалғай орналасқан Жайлаукөл, Ұланбел, Қамқалы, Шығанақ, Ақбақай секілді елді мекендерді автобус қызметімен қамтып отыр.
Бұл жұмыстар жалғасын тауып, алдағы жылдары одан әрі дами түспек.






