• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
13.10.2026, 15:11
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жиын-терін аяқталып келеді

turan_admin turan_admin
13.11.2020, 20:56
Облыс жаңалықтары
Жиын-терін аяқталып келеді
169
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Даладағы дүбір бәсеңси бастағандай. Бұл жиын-теріннің аяқталып келе жатқанын көрсетеді. Осы орайда біздің тілшіміз күзгі дала жұмыстарының барысын білмек ниетпен аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маман-агрономы Амангелді Әбдібековке жолығып, мән-жайды білген еді.

– Амангелді Есжанұлы, балапанды санайтын күздің екінші айы да артта қалды. Осы аралықта талай тірлік тиянақталған болар?

– Расында, қыс қыр астында тұр. Күздің қара суығына ұрындырмай дақылдардың көбі жиналып алынды. Шүкір, күн қарасып тұр. Бұл қант қызылшасын өсірушілерге қолайлы сәт тудырып отыр. Енді 10-12 күнде балтамыр түгел жиналып алынады деген үмітіміз бар.

– Әлгінде, дақылдардың көбі жиналып алынды дедіңіз. Сол дақылдардың өнімділігіне жеке-жеке тоқталсаңыз?

– Алдымен ауыл шаруа­шы­лығы саласында еңбек етіп жүрген еңбек адамдарына алғыс айтқым келеді. Негізгі сауалыңызға көшсем, көкөніс дақылдарынан алынған өнім көңіл көншітеді. Аудан бойынша 7945 гектарға орналастырылған көкөніс дақылдарының әр гектарынан 285,8 центнерден өнім алынып, жалпы түсім 227077 тоннаны құрады. Бақша дақылдарының көрсеткіші де жаман емес. Аудан бойынша дақылдың осы түрі 736 гектарға егіліп, гектарынан алынған өнім 271,0 центнерді құрады. Майлы дақылдарды өсіруде де ілгерілеушілік бар. Дақылдың бұл түрі аудан бойынша 2520 гектар­ға орналастырылып, әр гек­тар­дан 14,7 центнерден өнім алын­ды. Мақсарыдан алынған өнім әр гектардан 7 центнерден, пістеден 18,8 центнерден, соядан 4,6 центнерден айналды.

– Дұрыс екен. Өзіңіз айтпақшы, қыс қыр астында тұр. Демек, мал азығын дайындау – бүгінгі күннің басты талабы. Бұл тұрғыда не айтар едіңіз?

– Мал азығын дайындау жұмысы мамыр айының орта тұсынан басталғаны белгілі. Негізі, шөп шабуға белгіленген жердің аумағы аудан бойынша 34053 гектар болса, оның ішінде көпжылдық шөп көлемі 25473 гектарды құрайды. Мысалы, жоңышқаның бірінші орымынан 25473 тонна алынса, екінші орымда бірінші орымдағы көрсеткіш қайталанды. Нақты орындалғаны пайызға шаққанда 112,4 пайызды құрады. Шөп дайындау жұмысы жерге қар түскенше жасалатынын ескерсек, қазіргі таңда пионерліктер Мойынқұм өңірінде шөп орып жатыр.
Сондай-ақ, пішендеме дайындау 100,2 пайызға, сабан 108,4 пайызға, сүрлем 100,2 пайызға орындалды.

– Диқандардың бүгінгі іс-әрекетінен «Болашақ қа­мы – бүгіннен» екенін түсі­ну қиын емес. Мәлімет­теріңізге сүйенсек, әр күнді, әр сағатты тиімді пайда­лана білген диқандар күздік себу жұмысын бір жұма бұрын аяқтаған екен…

– Ол рас. Жалпы аудан бойынша 4700 гектарға күздік бидай тұқымы себілді. Айрықша атап өтер болсам, Полатқосшы ауылдық округіндегі «Юнчи» өндірістік кооперативі 2000 гектарға күздік орналастырса, «Қызыл диқан» өндірістік кооперативі 600 гектарға, «Пионер» өндірістік кооперативі 100 гектарға екті. Басқа да ірілі-ұсақты шаруашылықтар діттеген жоспарларын орындап, болашақ өнім жолында аянбай тер төкті.

– Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан
Дүйсенбек Орманов.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

12.10.2026, 19:49
Жамбыл өңірінде су электр стансаларын салу ісі қалай жүріп жатыр?

Жамбыл өңірінде су электр стансаларын салу ісі қалай жүріп жатыр?

12.10.2026, 18:31
Жуалыдағы күн электр стансалары қалай жұмыс істеп тұр?

Жуалыдағы күн электр стансалары қалай жұмыс істеп тұр?

12.10.2026, 17:25
Тараздың тазалығы мен жасыл келбеті – ортақ жауапкершілік

Тараздың тазалығы мен жасыл келбеті – ортақ жауапкершілік

12.10.2026, 15:44
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мектептегі орамал мәселесі. Instagram мен TikTok-қа кіру шектелді

13.10.2026, 13:51

Бішкекте Қазақстан банктерінің Kaspi аккаунттарын сату схемасы анықталды: 13 адам ұсталды

13.10.2026, 09:40

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

12.10.2026, 19:49

Жамбыл өңірінде су электр стансаларын салу ісі қалай жүріп жатыр?

12.10.2026, 18:31

Жуалыдағы күн электр стансалары қалай жұмыс істеп тұр?

12.10.2026, 17:25

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.