• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
15.10.2026, 15:54
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жетінші шақырылған облыстық мәслихаттың бірінші сессиясы өтті

turan_admin turan_admin
18.01.2021, 12:00
Облыс жаңалықтары
Жетінші шақырылған облыстық мәслихаттың бірінші сессиясы өтті
318
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

15 қаңтар, жұма күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен жетінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының бірінші сессиясы өтті.

Аймақ басшысы мәслихаттың бұрынғы құрамына алғысын білдіріп, оның хатшысы Бағлан Қарашолақовқа алғыс хатын тапсырды.

Бердібек Сапарбаев депутаттар алдында сөз алып, сайлаушылар алдындағы уәделерін орындау керектігін, халық игілігі жолында аянбай тер төгу керектігін алға тартты.

Сессияны облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов ашып, өткен сайлаудың қорытындылары туралы хабарлама жасады. Осылайша, төрт партиядан 76 үміткер облыстық мәслихаттағы 36 орын үшін бақ сынаған. Нәтижесінде үш партия кандидаттары мандат иеленді десек, «Nur Otan»-нан 30 депутат, «Ақ жолдан» 3 және «Ауылдан» 3 депутат бар. Барлығы тоғыз ұлттың өкілдері қамтылған. 27 ер және тоғыз әйелден тұрады. Сегізі инженер мен тағы сонша оқытушы бар.

Депутаттар бірінші кезекте жетінші шақырылымның бірінші сессиясының төрағасы ретінде Мұқаш Ескендіровті сайлады. Президиумнан өз орнын алған өңірдің бас өнеркәсіпшісі «Nur Otan» партиясы фракциясының атынан мәслихат хатшысы лауазымына Махметғали Сарыбековті ұсынды. Кандидатураға қарсылық танытқандар болған жоқ.

Бұдан соң депутат Болатбек Уалихан төрт тұрақты комиссияның құрамын жариялады. Депутаттар бөлініске және сондай-ақ ұсынылған төрт тұрақты комиссия төрағаларының кандидатураларына бірауыздан дауыс берді. Осылайша, экономика, бюджет, салық және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі комиссияны Мұқаш Ескендіров, АӨК-ті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комиссияны Фарида Жүнісова басқаратын болады. Ал, Гулам Умаров құқықтық тәртіп, әлеуметтік-мәдени салалар, гендерлік саясат және қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі комиссияның, Ерболат Саурықов кәсіпкерлікті қолдау, өнеркәсіп, құрылыс, көлік және коммуналдық салаларды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы атанды.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселеге сәйкес келесі сессияның төрағасы болып Ерболат Саурықов сайланды.

Ұйымдастыру мәселелері шешілгеннен кейін облыс әкімі депутаттар алдында сөз сөйледі.

— Сіздердің жұмыстарыңыздағы ең бастысы – қарапайым тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін ақыл, тәжірибе мен білімді ұштастыру. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент алдында сөйлеген сөзінде белсенділік танытып, сайлаушыларға берген уәделерді орындау, адамдармен үнемі кездесулер өткізіп отыру қажеттігін атап өтті. Халық мүддесі жолында аянбай тер төгу қажет.

Жақында сіздердің назарларыңызға ұсынылатын 2021-2025 жылдарға арналған Жамбыл облысын дамыту бағдарламасы да осы мақсаттарды көздейді. Ол барлық әлеуметтік-экономикалық салаларды қамтитын үш бағыттан және 16 индикатордан тұрады. Құжатта 2025 жылға қарай елді мекендер ауыз сумен, газбен, жақсы жолдармен қамтамасыз етіліп, апаттық және үш ауысымды мектептер мәселесі екі жыл ішінде шешіліп, бұқаралық спортпен шұғылданушылар саны 60 пайызға дейін арттыру көзделген. Жұмыссыздықпен тиімді күресу үшін жыл сайын кем дегенде 20000 тұрақты жұмыс орнын құру керек. Жақсы үйлестірілген және сапалы жұмыс кезінде бұл мақсаттарға толықтай қол жеткізуге болады. Бағдарламаны талқылау мен нақтылауға белсенді қатысуға шақырамын, барлық ұсыныстар зерделенеді және ескерілетін болады, — деді Бердібек Сапарбаев

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51
Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37
8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

14.10.2026, 13:41
СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

14.10.2026, 09:16
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

14.10.2026, 13:41

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.