• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 05:58
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жер қойнауының байлығы халық игілігіне қызмет етуі керек

turan_admin turan_admin
19.03.2021, 16:18
Облыс жаңалықтары
Жер қойнауының байлығы халық игілігіне қызмет етуі керек
1.8k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерді орындау жайы қаралды.

Ағымдағы жылдың 1 наурызындағы жағдайға сәйкес, облыста 319 жер қойнауын пайдалану нысаны тіркелген. Оның ішінде барлау және өндіруге арналып 200 келісім шарт жасалған десек, 109 лицензия және жол құрылысын салуға арналған 9 жеңілдетілген рұқсат берілген.

Ірі жер қойнауын пайдаланушылар қатарында «ЕуроХим Удобрения», «Монтерро Қазақстан», «Қазақсода», «Жамбылгипс» және тағы да басқа компаниялар бар. Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша республикалық маңызы бар «Меркі-Шу-Бұрылбайтал» көлік жолын қайта жаңғырту құрылысына тартылған мердігерлерге 38 лицензия және 9 жеңілдетілген рұқсат берілген.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Аслан Оразбеков өткен жыл бойынша әзірге нақты қорытынды ақпарат жоқ екенін, сондықтан 2019 жылғы мәліметтерді негізге алуына тура келетінін тілге тиек етті. Оның айтуынша, 2019 жылы инвестициялардың жалпы көлемі 63,2 миллиард теңгені, ал салық түсімдері 9,8 миллиард теңгені құрап, мамандарды оқыту және қайта даярлауға 207 миллион теңге бағытталған.

Әлеуметтік сала мен жергілікті инфрақұрылымға салынған инвестицияларға келетін болсақ, 2019 жылы бұл көрсеткіш 919,8 миллион теңгені, өткен жылы 751 миллион теңгені, ал ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында 18 миллион теңгені құраған.

Аталған басқармамен анықталған бұзушылықтарды жою туралы тиісті орынға 59 хабарлама жолданған десек, 11 шарт бұзылып, оның 10-ында кеніштерді қалпына келтіру жұмыстары орындалған. Облыс аумағында тағы 17 кәсіпорын тіркеліп, жергілікті бюджетке салық төлемдерін аудара бастады.

— Өңірдің экономикасы мен оның тұрғындарының әл-ауқаты жер қойнауын сапалы пайдалануға да байланысты. Негізгі мәселе – жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерін орындауы. Бұған компаниялардың қызмет ететін орны бойынша тіркелуі, инвестициялар салу, жергілікті кадрларды даярлау және әлеуметтік төлемдер жатады. Бүгінде аталған шарттардың орындалуына қатысты бақылау әлсіз жүргізілуде, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары Ернұр Нұржігітов ӨКП жер қойнауын пайдаланушылар арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын тілге тиек етті.

— Сіздердің бизнеспен байланыстарыңыз ойдағыдай дей алмаймын, оларға мемлекеттік қолдау шаралары туралы жеткілікті түрде хабар бермейсіздер, — деді облыс әкімі.

«Тараз» ӘКК төрағасының орынбасары Нұрғали Көрпетаев жер қойнауын пайдалануға лицензия алудағы қиындықтарға, көптеген учаскелердің табиғат қорғау аймақтарында орналасқанына тоқталды.

— Инвесторлармен жұмыс тиісті деңгейде жүзеге асып отырған жоқ. Оларға жан-жақты қолдау көрсету қажет, әйтпесе біздің экономикамызға салынатын  инвестициялар көлемі төмендейтін болады, — деп атап өтті аймақ басшысы.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, 2000-2003 жылдары лицензия алған кәсіпорындар да бар. Заң бойынша, егер жер қойнауын пайдаланушы бес жыл ішінде инвестиция салмаса, лицензия қайтарып алынуы керек.

— «Оңтүстікқазжерқойнауы» республикалық мекемесінің басшылығы тек минералды тыңайтқыштар ғана емес, түрлі пайдалы қазбаларға бай біздің облысқа тиісінше көңіл бөліп отырған жоқ. Мұндағы басты мәселе – қосымша геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу. Көптеген жергілікті кәсіпорындар пайдалы қазбаларды өндіруге қызығушылық танытуда, бірақ біз әлі күнге дейін бір орында айналып жүрміз, — деді Бердібек Сапарбаев.

Экология департаментінің басшысы Марат Құрманбаев мысал ретінде Жамбыл ауданының жер қойнауын пайдаланушылардың белгіленген келісімшарттық аймақтың шекарасын бұзу және ауыл шаруашылығы жерлерінде өз бетінше пайдалы қазбаларды өндіруге қатысты түрлі фактілерді алға тартты.

Бұдан соң облыс әкімі бейнебайланыс арқылы кейбір ірі кәсіпорындардың жай-күйіне назар аударды. Айталық, «Монтерра Қазақстан» алтын өндіруші компаниясы инвестициялар көлемін 832 миллиард теңгеге дейін ұлғайтпақ, ол жақын арада жер барлау жұмыстарын бастауға ниетті. Бердібек Сапарбаев тау-кен байыту комбинатының құрылысын жеделдетіп, алтын кендерін игере бастауға шақырды. Жергілікті биліктің көмегімен «Қазсода» ЖШС қажеттілігі үшін жер бөлу мәселесі де өз шешімін тапты.

        — Біздің жеріміздің қойнауы халықтың игілігіне қызмет етуі тиіс. Сіздер бизнестің әлеуметтік бағытын ұмытпау керексіздер. Барлық келісімшарттық міндеттемелер сақталуы қажет. Әкімдер мен тиісті құрылымдар тарапынан қатаң бақылау орнату керек. Геологиялық барлау жұмыстарының ауқымын кеңейту қажеттілігі туындауда. Құқық қорғау органдарына жер қойнауын заңсыз пайдалануға бақылауды күшейту бойынша тапсырма берілді. Әсіресе, Мойынқұм ауданында өз беттерінше техникалармен жұмыс істейтіндер аз емес, ал аудан әкімі олардан мүлде хабарсыз.

Бүгінгідей пандемия мен экономикалық қиындықтар кезеңінде жұмысшылар жалақыны уақытылы және толық көлемде алуы тиіс. Жалақының жыл сайынғы өсімі кем дегенде 10-15 пайызды құрап отыруы керек, — деп түйіндеді Бердібек Сапарбаев

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.