• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:43
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылда жастар облыс халқының 22,4%-ін құрайды

turan_admin turan_admin
10.07.2022, 22:51
Облыс жаңалықтары, Саясат
Жамбылда жастар облыс халқының 22,4%-ін құрайды
410
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыста 258 164 жас бар, олар облыс халқының 22,4%-ін құрайды. Жастардың 96 786-і (37,4%) қалада, 161 378-і (62,6%) ауылдық елді мекенде тұрып жатыр. Облыстағы 232 283 жасқа нақты талдау жасалып, олар оқитын, жұмыс істейтін, өзін-өзі жұмыспен қамтыған санаттарға бөлінген. Бұл тура Turaninfo.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламар басқармаларының жүргізген талдау жұмыстарының нәтижесінде облыста 25 881 жас (Тараз қ. — 7419, Байзақ — 2123, Жамбыл — 1638, Жуалы — 642, Қордай — 7243, Меркі — 2460, Мойынқұм — 232, Сарысу — 297, Т.Рысқұлов — 935, Талас — 413, Шу — 2479) жұмыссыз немесе NEET санатындағы жас ретінде анықталып, олардың дерекқоры жасақталған.

Жұмыссыз, оқымайтын (NEET) санатындағы жастардың үлесі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2 пайыздан 7,6 пайызға төмендеген. Республика бойынша көрсеткіш — 6,7% (2021 жылы — 6,9%).

NEET жастармен жүргізілетін іс-шаралар жоспары бекітіліп, нақты индикаторлық көрсеткіштер айқындалған. Жыл басынан бері 19 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, 56 қоғамдық тыңдау, 46 онлайн мастер-класс, 260 ақпараттық кеңес беру алаңы ұйымдастырылып өз жұмысын жүргізуде.

NEET санатындағы жастармен жұмыстарды жандандыру мақсатында облыстық «ZHASTAR CUP» атты футболдан облыстық чемпионат, базар жастары арасында «Дүйсенбілік футбол» сынды спорттық жобалары іске асырылуда.

Жастар арасында «Қоғамдық сақшы», «Qamqor», «Тегін такси», «Ашық диалог», «Жастар уақыты», «QAZ IQ», «Кітап сыйла», «ТазаLike», «Әкелер мектебі», «Енелер мектебі», «Келіндер клубы» сияқты жобалар сәтті іске асырылған.

«Қаңтар оқиғасына» байланысты облыста белсенді, танымал жастардан арнайы пулдар жасақталып, шеруге шыққан жастар арасында түсіндіру және нақты ақпараттарды тарату жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде танымал спортшылар, жастар ұйымдарының көшбасшылары, ақындар мен еріктілер тіркелген.

Белсенді жастардың мақалалары БАҚ беттерінде «Жамбыл-Тараз» газетіне де 5 мақала, «Арай» жастар газетіне де 2 мақала  және әлеуметтік желілерде жарияланған. 

Одан бөлек «Әулиеата жастары» волонтерлер штабы құрылып, штабта 50 ерікті жұмыс  істеген.

Штаб төтенше жағдай және коменданттық сағат кезінде халыққа жүріп-тұруы бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, рейдтік шараларға қатысып, әлеуметтік осал топтағы халыққа азық-түлік таратуға ат салысқан.

Ғылыми және шығармашылық, зиялы қауым, оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы, үкіметтік емес жастар ұйымдарынан және белсенді студент жастардан құралған топ «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын және Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан» идеясы аясындағы тапсырмаларды түсіндіру мақсатында жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерімен кездесулер өткізді.

Басқарма мен облыстық жастар ресурстық орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Алғыс айтамын бәріңе» атты акция, жастар көп шоғырланған орындарда түрлі тақырыптарда акустикалық кештер, «Наурыз FEST» кешенді іс-шарасы, облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, Тараз қаласы мен барлық аудандық орта мектептеріндегі пікірсайыс клуб жетекшілерінің біліктілігін арттыру курсы, облыс әкімінің жастармен кездесуі, «Ұлттың ұлы ұстазы» атты облыстық пікірсайыс турнирі, жас отбасыларға неке қию куәлігін табыстау рәсімі, «Шынның жүзі – Шераға» тақырыбында студенттер арасында облыстық пікірсайыс турнирі, «Бір шаңырақ астында» атты ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, «Жастар жаңа Қазақстанмен бірге!» атты акция, «Мен Отанды қорғауға дайынмын!», «Әскердегі бір күн» акциялары, VІІІ «Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысу үшін Жамбыл облысының әскери-патриоттық клубтар арасында іріктеу турнирінен жарыс, «Профи – 2022» облыстық байқауы, «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері арасында кіші футболдан «JAMBYL CUP – 2022» облыстық турнирі, жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, «Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани тірек» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция, т.б. іс-шаралар өтілген.

Тұрақты түрде халық көп шоғырланған орындарда, ірі сауда орталықтарында, базарларда, саябақтарда кеңес беру алаңдарын өткізді. Сондай-ақ әлеуметтік желідегі парақшасында түрлі тақырыптар аясында онлайн кеңестер беріліп, тікелей эфирлер тұрақты түрде ұйымдастырылған.

Жатқанбай Әділет

Тегтер: БЕРІКҚОЖА СЕРІКБОЛжастар саясатыМӘСЕЛЕЛЕРІ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.