• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
11.10.2026, 02:05
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ЖАППАЙ ТӘРТІПСІЗДІКТЕН ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША 7 МЕМЛЕКЕТТІК ҒИМАРАТ ЗАРДАП ШЕКТІ

turan_admin turan_admin
13.01.2022, 12:10
Облыс жаңалықтары
ЖАППАЙ ТӘРТІПСІЗДІКТЕН ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША 7 МЕМЛЕКЕТТІК ҒИМАРАТ ЗАРДАП ШЕКТІ
869
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысында тіршілік қалыпты күйге оралып, ахуал жергілікті биліктің бақылауына алынған.
Енгізілген төтенше жағдайға байланысты аймақта ХҚКО, Банктер, Базарлар таңғы 09:00-ден кешкі 17:00-ге дейін қызмет көрсетеді.
Дүкендер 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Облыс орталығы Тараз қаласында жаппай тәртіпсіздік салдарынан 200-ден аса құқық қорғау қызметкері түрлі дене жарақатын алған.
Жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың жалпы саны шамамен 2 мыңнан аса. Бүгінде олардың 400-ге жуығы ұсталған.
Медициналық мекемелердің көмегіне 306 адам жүгінсе, 38-адам ауруханада жатыр.
Жедел операциялар нәтижесінде ұсталғандардың 38-і соттың шешімімен қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. 186 тұлғаға әкімшілік іс қозғалған (118 тұлға 15 тәулікке қамаққа алынса, 14-іне айыппұл салынып, 54-іне ескерту берілген).
Ұсталғандардан 104 бірлік қару-жарақ тәркіленді. Оның ішінде: 38 «Калашников» автоматы, 13 снайпер-винтовка, 4 карабин «Сайга», 18 «ПМ» тапанша, 1 қысқа колибрлі винтовка, 3 пулеметтік тапанша, 1 гранатомет РПГ және тб.
Облыс бойынша 7 мемлекеттік ғимарат (облыс әкімінің аппараты, «Nur Otan» партиясының облыстық және Шу аудандық филиалы, облыстық Полиция департаменті, қалалық 3 полиция бөлімі), 149 қызметтік автокөлік, 4 бизнес нысаны зардап шеккен.
Шығын мөлшерін есептеу бойынша арнайы комиссия құрылды.
Алдын-ала есептеулер бойынша жалпы облысқа келген шығын көлемі шамамен 7,6 млрд. теңгені құрайды.
Бүгінгі күні зардап шеккен әкімшілік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына 35 арнайы техника, 680 жұмысшы тартылған. Жұмыстар ағымдағы жылдың ақпан айының соңына дейін толығымен аяқталады деп көзделуде.
Облыс аумағында автокөлік, әуе, темір жолдары ашық. Коммуналдық қызмет көрсету мекемелері штаттық режимде жұмыс жасауда, сұйық отын қоры жеткілікті.
Медициналық мекемелер, азық-түлік дүкендері, базарлар мен жанар-жағар май құю бекеттері қалыпты жағдайда жұмыс атқаруда.
Азық-түлік, дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.
Баға тұрақтылығы күнделікті бақылауда.
Теміржол вокзалында 23.00-ден кейін пойыздан түсетін жолаушыларды арнайы кезекші автобустар тасымалдайды.
Қылмыскерлерді ұстау, жедел іздестіру шаралары жалғасуда.
Облыс бойынша 36 блок-бекет жұмыс істеуде, оның ішінде Тараз қаласының кіріс-шығыс қақпаларына 13 блок-бекет қойылған. Барлық көліктер тексерілуде.
Өңірде қоғамдық тыныштықты сақтау бойынша жергілікті билік пен ерікті халықтың, қоғам белсенділерінің бірлескен жұмысы жалғасуда.
Қазіргі таңда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарына облыс бойынша 2000-нан аса құқық қорғау органдарының қызметкері жұмылдырылған.
Ал, тәртіпке шақыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарына 5 мыңнан астам зиялы қауым, қоғам белсенділері, беделді спортшылар және тағы басқа тұлғалар тартылған.
Облыста төтенше жағдай енгізілген. Коменданттық сағат уақыты кешкі 23:00-ден таңғы 7:00-ге дейін.
ТЖ бекеті, әуежай, әскери қоймалар, «Әмір және Д» әскерилердің қорғауында.
Сондай-ақ, маңызды стратегиялық нысан болып табылатын Қордай ауданы Отар әскери қалашығындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ әскерилермен қорғалуда.

АҚПАРАТ Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Асқарұлының фэйсбук аккаунтынан алынды

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Байзақ ауданында ауқымды экологиялық тазарту жұмыстары өтті

Байзақ ауданында ауқымды экологиялық тазарту жұмыстары өтті

09.10.2026, 17:26
Тараздық кәсіпорын қағаз қалдықтарын кәдеге жаратып, экологиялық мәдениетті қалыптастырып отыр

Тараздық кәсіпорын қағаз қалдықтарын кәдеге жаратып, экологиялық мәдениетті қалыптастырып отыр

08.10.2026, 17:38
Тараздағы отандық зауыт «жасыл экономика» талаптарын қалай жүзеге асыруда?

Тараздағы отандық зауыт «жасыл экономика» талаптарын қалай жүзеге асыруда?

08.10.2026, 15:38
Жамбыл өңірі жасыл энергетика бағытында қалай дамып келеді?

Жамбыл өңірі жасыл энергетика бағытында қалай дамып келеді?

08.10.2026, 12:58
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында кітапхана жұмысына жасанды интеллект енгізілуде

11.10.2026, 00:11

Жамбыл облысында соңғы 7 жылда 45 мәдени нысан салынды

10.10.2026, 23:50

Құтқарушылар экологиялық акция аясында сенбілік ұйымдастырды

09.10.2026, 19:43

Байзақ ауданында ауқымды экологиялық тазарту жұмыстары өтті

09.10.2026, 17:26

Азамат үні — ел дамуының негізі

09.10.2026, 14:00

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.