• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
15.10.2026, 16:56
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылдық шаруалар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуде

turan_admin turan_admin
30.07.2021, 17:23
Облыс жаңалықтары
Жамбылдық шаруалар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуде
297
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарымен танысты.

Облыс әкімі Шу ауданына жұмыс сапарымен барып, онда егіс алқаптарын аралап, шаруашылық басшыларымен тілдесті. Білім нысандарына да ат басын бұрып, жол құрылыстарының барысын барлады.

Бердібек Сапарбав «Qyzylsha» ЖШСнің қызылша, жүгері, картоп алқаптарымен танысты. Шаруашылық иесі суару қондырғысын 1 122 гектарға орналастырып, аз шығынмен мол өнім алуды көздеп отыр.

– Серіктестік иелігінде жалпы суармалы жер көлемі 3 819 гектар болса, оның ішінде 1 819 гектар жерді маңайдағы ұсақ шаруа қожалықтарды біріктіру арқылы ұқсатып отырмыз. Бұдан бөлек қосымша 3 048 гектар жер учаскесі жер комиссиясының оң шешімін тапты. Су үнемдеу технологиясын 1 562 гектарға қолданып отырсақ, 1 122 гектары жаңбырлатып, 440 гектары тамшылатып суару арқылы ылғалдандырылып отыр. Тарқата айтқанда, 765 гектар қызылша мен 305 гектар алқапқа дәндік жүгері егіп, оны жаңбырлатып суару үстіндеміз. Тамшылатып суару технологиясы қолданылып отырған алқаптың 113 гектарына 5 түрлі шетелдік картоп ектік. Жалпы серіктестік 300 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр, – деді аталған шаруашылықтың бас директоры Мұқаш Үсембаев.

Өз кезегінде аймақ басшысы серіктестіктің кезінде арпа-бидай ғана егілетін алқапты бүгінде картоп, қызылша, қырыққабат, тәтті бұрыш секілді көкөніс және басқа да дақылдар егетін алқапқа айналдырғанын басқаларға үлгі тұтты.

Аталған шаруашылықта жаңбырлатып суару технологиясын үйлестіруші «аванкамера» қондырғысы да жұмыс істейді. Сыйымдылығы 7,5 мың текше метрді құрайтын аталған «аванкамераға» су «Тасөткел» магистральды каналы арқылы жиналады.

Облыста 22 мың гектар пияз егілсе, соның 60 пайызы, яғни 13 мың 300 гектары Шу ауданына тиесілі. Тамшылатып суару арқылы мол өнім алуды көздеген шаруаның бірі – Л.Сандуров.

– 600 гектар алқаптың 400 гектары ерте, қалғаны кеш пісетін сұрып. Барлығы да тамшылатып суару технологиясы арқылы ылғалдандырылып отыр. Пияздың ерте пісетін сұрпы қазір бас байлап үлгерді. Әне-міне дегенше қазу жұмыстары да басталады. Сол кезде өнім гектарына 60-70 тоннадан айналады деп күтілуде, – деді Л.Сандуров.

Келесі кезекте Б.Сапарбаев «Тасөткел» су қоймасының жай-күйін көрді. «КазСуШар» республикалық мемлекеттік мекемесінің Тасөткел су қоймасы өндірістік бөлімшесінің басшысы Н.Кирбаев қазына қаржысынан бөлінген тиісті қаражатқа жүргізілген жаңғырту жұмыстары жайлы егжей-тегжейлі баяндап, аталған су қойманы нығайту бағытында әлі де атқарылар шаруалардың бар екенін жеткізді.

Ұлы Отан соғысының ардагері, бүкіл саналы ғұмырын бала оқытуға арнаған ұлағатты ұстаз Әшімқұл Тілеужанов атындағы саябақты майдангердің ұрпақтары өз қаржысынан 47 миллион теңге жұмсап, тақыр жерді бір мезет сейіл құру орнына айналдырған екен.

– Еліміз алғаш тәуелсіздік алған жылдары жекешелендірудің алғашқы толқыны жүргізілген кезде осы ауылдағы балабақша, мәдениет үйі секілді бірқатар нысан мен сыйымдылығы 5 миллион текше метрді құрайтын Ақсу су айдынын сатып алған едік. Аталған әлеуметтік нысандардың барлығын бір кірпішін де бұзбай, кейіннен халық қамы үшін мемлекетке тегін қайтарып бердік. «Ер туған жеріне…» демекші туған ауылымызды түлетсек деген ниетпен осы саябақты ашып отырмыз. «Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін!» деген нақыл бар қазақта, – деді демеуші Болат Тілеужан.

Аймақ басшысы бұдан кейін Төле би ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп жанынан салынып жатқан жапсарлас нысан және әл-Фараби атындағы орта мектептің құрылыс жұмысын барып көрді.

Сондай-ақ Бердібек Машбекұлы «Шу – Бурылбайтал» автожолының Мойынқұм бағыты аумағының құрылыс және Шу өзенінен өтетін көпірдің, «Меркі – Шу» автожолының теміржолдан өтетін көпір құрылысымен танысты.

Бердібек Сапарбаев «Меркі – Шу» автожолының теміржолдан өтетін көпірінің құрылысы бар-жоғы 8 шақырымды құрайтынын, осы жұмысты аяқтаудың кешеуілдеу себебіне, неліктен қыркүйек айына дейін созылатынына назар аударды.

Облыс әкімі аталған құрылыс нысандарына жауапты өкілдерімен тілдесіп, «Меркі – Шу» автожолының құрылысын қысқа мерзім ішінде аяқтау жөнінде тапсырма берді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51
Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37
8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

14.10.2026, 13:41
СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

14.10.2026, 09:16
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

14.10.2026, 13:41

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.