2019 жылдың тамыз айының басынан бастап Жамбыл облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері қызмет көрсететін көлік жолдарына шығып, жүргізушілер мен жолаушыларға жол қозғалысы ережелерін және жылдамдық режимін сақтау туралы ескертетін жадынамалар таратты. Алғашқы күні полицейлер үш мыңға жуық бүктемелер таратты.
Жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі жол қозғалысы ережелерінің талаптарын елемеу, көп жағдайда бұл жылдамдық режимін сақтамау болып табылады.
Құрметті көлік жүргізушілер, жол- жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскелердегі қозғалыс кезінде жол белгілерінің талаптарын және белгіленген жылдамдық режимін МІНДЕТТІ ТҮРДЕ сақтау қажет!
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі