Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және 5513 әскери бөлімінің арнайы бөлімше әскери қызметшілері «Қарасора- 2022» жедел- іздестіру іс шарасын жүргізу барысында бірлесіп,
есірткі заттарын заңсыз сақтаған адамға қатысты жедел ақпаратты іске асырды.
Шу ауданының аумағындағы «Шу-Меркі» тас жолынан 20 шақырым жердегі құмға жақын маңдағы аймақта Шу ауылының 50 жастағы тұрғынынан жалпы салмағы 38 келіден асатын «каннабис өсімдігі» есірткі заты табылып, тәркіленді.
— Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды (есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау). Бұл бап бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады, — деп хабарлады облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс- қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Асқар Жұмабеков.