Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында жамбылдық полицейлер есірткі өткізу арнасының жолын кесуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тараз қаласының 18 жастағы тұрғынын ұстады.
Тінту жүргізу кезінде күдіктіден 12 бумаға оралып, тарату үшін дайындалған «Мефедрон» синтетикалық есірткі заты анықталды. Тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы 7 грамнан асады.
Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігімен (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бапқа сәйкес мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады.