Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен және облыстық білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған бұл жобаның қорытынды кезеңі «Дарынды мектептер» мен «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары» бағыттары бойынша жоғары деңгейде өтті.

№13 мектептің қабырғасында өткен білім додасында 120 қатысушы бақ сынады. Шара барысында «Дәмді тамақтар» ЖШС аспаздары барлық қатысушыларға ыстық тағам ұсынып, ерекше қонақжайлылық танытты. Сонымен қатар, Тараз қаласының жас әншісі Ерсұлтан Кубенов жанды дауыста гитарамен ән шырқап, кештің мазмұнын байыта түсті.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар келесідей ретпен марапатталды:
«Дарынды мектептер» бағыты бойынша:
I орынды және 500 000 теңгелік қаржылай сертификатты, сондай-ақ облыс әкімінің арнайы дипломы мен «Ой шебері» кубогын Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы иеленді. Жетекшілері: Жылымбетова Калнур мен Реймбаева Асель. Команда намысын Пернебек Аделя, Кеңесханова Медина, Сатымбек Бағлан және Ғаббас Берік қорғады.

II орын мен 400 000 теңгелік сертификатқа дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 1-тобы лайық деп танылды. Жетекшісі Әмерқұл Нұрайдың бастауымен Ағабек Бекжан, Агадилов Алдияр, Ануарбек Арлан және Қалтай Думан сынды оқушылар биік белесті бағындырды.
III орынды иеленіп, 300 000 теңгелік сертификатқа ие болған — дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының 1-тобы. Жетекшісі Жарылқасын Жансаяның шәкірттері Райымбек Ақтоты, Сайын Дінмұхаммед, Серік Елдос және Бақытжан Назанель білім деңгейлерінің жоғары екенін дәлелдеді.

IV орын мен 200 000 теңгелік сертификат дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 2-тобына бұйырды. Жетекшісі Мұхтар Әсемай бастаған Замирбек Шерхан, Егемберді Елнұр, Аманжол Алдияр мен Тулеген Жандос командалық бірліктің үлгісін көрсетті.

V орын және 100 000 теңгелік сертификат дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 3-тобына табысталды. Жетекшісі Инятова Зауренің жетекшілігімен Сыбанбай Абдурахман, Әділбек Адина, Ерболқызы Аида және Илимбекова Аружан үздік бестікті түйіндеді.

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары» бағыты бойынша:
I орынды салтанатты түрде иеленіп, 500 000 теңгелік сертификат пен бас кубокты Жамбыл инновациялық жоғары колледжі жеңіп алды. Жетекшісі Әбзелбек Ағасұлтан мен қатысушылар Бекбосын Алима, Нұржабай Асель, Оралбай Нұрбақыт, Аманкелді Бақдаулет білім додасында топ жарды.

II орын мен 400 000 теңгелік сертификат Жоғарғы Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің 2-тобына табысталды. Жетекшісі Орақбаева Маргареттің шәкірттері Болат Азиза, Кенжебай Арман, Жарылқасын Әсел және Шайхан Нұрғиса жүлдегерлер қатарынан көрінді.

III орынға тұрақтаған Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің 2-тобы 300 000 теңгелік сертификатты иеленді. Жетекшісі Жарқынбек Ляззаттың бастауымен Анарбек Құралай, Иманқұлқызы Жадыра, Жумасил Нұрсұлтан мен Райымқұлқызы Айзат сәтті өнер көрсетті.

IV орын және 200 000 теңгелік сертификат тағы да Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің еншісіне (1-топ) кетті. Жетекшісі Сәмбеталы Айгерім мен қатысушылар Нұрмахан Аяулым, Әбдіқадыр Бекарыс, Шайболсын Мият және Смагулова Жанерке жоғары дайындықтарын көрсетті.

V орын мен 100 000 теңгелік сертификатты Тараз «Парасат» жоғары колледжі місе тұтты. Жетекшісі Амангелді Жансерік бастаған Лесбек Тоғжан, Кулманова Алиса, Сәрсенбай Нұрасыл және Аманбай Кенжебек зияткерлік сайыстың жүлдегерлері атанды.

Жеңімпаздарды облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Әбілдақызы, «Жамбыл дарыны» орталығының басшысы Майра Аманқұлқызы мен Техникалық білім беруді дамыту орталығының басшысы Айбар Мэлсұлы салтанатты түрде марапаттады. Жастардың интеллектуалдық әлеуетін дамытуға бағытталған «Ой шебері» жобасы осылайша өз мәресіне сәтті жетті.








