• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:48
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылдағы жарылыстан кейін жоғалған Дәуітбаевты кім іздеп жатыр?

turan_admin turan_admin
22.12.2021, 11:19
Облыс жаңалықтары
Жамбылдағы жарылыстан кейін жоғалған Дәуітбаевты кім іздеп жатыр?
459
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Күлі көкке ұшқан әскери бөлімнің өртке қарсы қорғау және құтқару жұмыстары әскери командасының бастығы, кіші сержант Бауыржан Дәуітбаев әлі іздестіріліп жатыр.

Төрт айдан бері хабар-ошарсыз жоғалған жауынгердің әкесі Талғат Дәуітбайұлы тұтқаның арғы жағынан ұлы табылмайынша, үміт үзбейтінін қоңыр үнмен жеткізді.

– Іздеуін іздеп жатыр. Әскер, полицей, керек адамдардың бәрін беріп жатыр. Күн де ары-бері шапқылас. Іштен еш хабар болмады. Топырағын сүзіп-елеп, тексерілгенін сыртқа тасып жатыр. Әзірге дерек жоқ. Біршама топырақ қалды. Өткен аптада осы күнге дейін 800-ден аса камаз топырақ шығарылды деген еді. Топырақ елеуге күн райы да әсер етіп отыр, – дейді Дәуітбаевтың әкесі.

 

33 жасында із-түзсіз жоғалған оның төрт баласы – бір қыз, үш ұлы бар. Жолдасы бесіншісіне жүкті. «175 гектар аумақтың әр бұрышы мұқият қаралып, бөлшектерді іздеу үшін үйінділер  арнайы електен өткізіліп жатыр» делінген ведомство ақпаратында. Алғашында еріктілер мен атты жасақ жұмыла кіріскен іздеу жұмысы қазір біршама саябырсығандай.

Жамбылдағы жарылыстан кейін жоғалған Дәуітбаевты кім іздеп жатыр?
Көпбалалы отбасының отағасы Бауыржан Дәуітбаев және оны іздестіру шарасының бірі. Фото: Facebook

Ес-жадынан айырылған күйде тауға қарай бой тасалаған болуы ықтимал деген хабар көптеп келіп түскен. Бірақ ешбірінен нақты із-дерек анықтаудың реті келмеген.

– Көрдік деген хабардың бәрін егжей-тегжейлі қарап жатырмыз. Басы басталады, аяғы жоқ. Біреу көрдім, осыған ұқсайды дейді де бажайлап тексерсеқ, ештеңе шықпайды. Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының Тараз қаласындағы мекемесі айналысып жатыр. Қажетіне қарай әр жерден шыққан күмәнді болжамды қарап-тексеруге 150 сарбаз, қасына 40-50 шақты полицей береді. Жауапты мамандар іздеуді тоқтатпаймыз, тапқанша іздейміз деген, – дейді іздеудегі сарбаздың әкесі.

Жамбылдағы жарылыстан кейін жоғалған Дәуітбаевты кім іздеп жатыр?
Кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевтың әкесі Талғат Дәуітбайұлының әскери бөлімге кірер жердегі блок-бекетте уайым шегіп отырған сәті. Фото: Күлтегін Аспанұлы

Қорғаныс вице-министрі, генерал-майор  Мұхамеджан Таласов редакцияға берген жауабында іздестіру жұмысы жалғасып жатқанын, әзірге еш дерек табылмағанын растады.

– Бүгінгі таңда іздестіру жұмыстары әскери бөлімнің аумағында және  одан тыс жерлерде де жүріп жатыр. Бұған Қарулы Күштердің әскери қызметшілерінен өзге, Жамбыл облысы Полиция департаменті мен Ұлттық гвардияның қызметкері жұмылдырылды. Қандай да бір нәтижеге жеткенше іздейміз, – деп мәлімдеді ол.

Ресми дерекке қарағанда, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының инженерлік-саперлік және басқа да бөлімшелерінің әскери қызметшілерінен тұратын арнайы іздестіру жасағы жұмыс істеген. Іздестіру  және  әскери бөлімді оқ-дәрі қалдықтарынан  тазарту үшін  400-ге жуық әскери, 50-ден аса автокөлік пен арнайы техника жұмылдырылған. Облыстың ІІД Кинологиялық қызметінің және Ұлан әскери бөлімінің (иісшіл иттермен жұмыс істейтін) мамандары тартылған. Тау-қорықшылық бөлімшесінің атпен патрульдеу тобы, ұшу аппараттары тау бөктері мен жоталарда іздестірген.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Асқарұлының тілшіге айтуынша, жауынгер табылмаған жағдайда немесе Дәуітбаевтар отбасы іздестіру жұмысынан бас тартпайынша, мемлекеттік жәрдемақы берілмейді.

Жамбылдағы жарылыстан кейін жоғалған Дәуітбаевты кім іздеп жатыр?
Алапат өртті өшіруге шамасы келмейтінін көре тұра ұлдарының жарылыс аумағына жіберілуін түсіндіруді талап етіп тұрған әкелер. Фото: Күлтегін Аспанұлы

– 15 млн теңге мемлекеттік жәрдемақыны алу үшін отбасы іздестіруден бас тарту жайлы нұсқама беруі қажет. Іздестіруді тоқтатуға келісім берген жағдайда мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады. Қарулас достары да бір жағына шықпай тоқтатпаймыз деп отыр. Құқықтық тұрғыда осы тәртіп жүзеге асырылады, – дейді әкімдік өкілі.

Қоймаларының түгел дерлігі (110-ы өртенген, 3-еуі аман қалған) бүлінген әскери бөлім аумағындағы төтенше жағдай салдарын жою жұмыстары министрліктің «қолда бар қаражаты мен Үкімет резервінен қосымша бөлінген қаражат есебінен жүргізілді».

Бұған дейін, жаздың соңына қарай, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданының №28349 әскери бөлімінде өрт шығып, оқ-дәрі қоймасы жарылған. Апат түні жарылыс ошағына жақын ауылдардан бірнеше мың адам  эвакуацияланған, жүзге тарта адам зардап шеккен. Оқиға кезінде және кейін жарақаты салдарынан барлығы 17 адам қаза тапты. 10 адам азаматтық қорғаныс, 6 адам қорғаныс министрлігі, тағы біреуі әскери прокуратура қызметкері. Апатқа байланысты Қылмыстық кодекстің 462-бабы («Қару-жарақ, сондай-ақ айналадағыларға қауіп төндіретін заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу») бойынша қылмыстық іс ашылған.

Елді дүрліктірген Байзақ жарылысынан кейін қорғаныс министрі болған бірер жылда екі ірі жарылысты көрген Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті. Қазақстанда әскери нысандарда төтенше жағдай жиі болады. Сарапшылар мұны қорғаныс саласындағы «дағдарыс» ретінде бағалайды, себебін жүйенің тиімді жұмыс істемеуімен түсіндіреді.

Дереккөз-https://kaz.orda.kz/zhambylda-y-zharylysta-zho-al-an-d-uitbaevty-kim-izdep-zhatyr/#part=3

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.