• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбылдағы ауыл шаруашылық техникасының жаңартылуы

01.02.2017
0
Жамбылдағы  ауыл шаруашылық техникасының жаңартылуы
215
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

«Облыста ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. 2015 жылы 318 дана ауыл шаруашылығы техникалары алынса, өткен жылы 2 млрд. 064 млн. теңгеге 266 дана ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Ал, оның 123 данасы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке алынған.
Есепті жылы 55 адам құжаттарын өткізіп ауыл шаруашылық және жол-құрылыс техникаларын жүргізу құқығына тракторист-машинист куәлігін алса, 160 жеке және заңды тұлғалардың техникалары жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өтті. 247 жеке және заңды тұлғалар ауыл шаруашылық техникаларына тіркеу техникалық құжатын және 236 мемлекеттік нөмірлік белгілерін алды.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы заңды және жеке тұлғалардың иелігіндегі техникаларға ауырпалықтың бар-жоғы туралы 199 дана анықтама берілсе, 100 дана ауыл шаруашылығы және жол-құрылыс техникалары жылжымалы мүлік ретінде тіркеліп, олардың 54 данасына кепілдік куәлігі берілді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің нұсқамасына сәйкес, техникаларды есепке алу бойынша Web-порталдық бағдарламаға барлығы 2 871 бірлік техниканың мәліметтері енгізілді. Дегенмен, бұл жұмыстарға кейбір аудандарда дұрыс көңіл бөлінбеуде. Мысалы, аталған бағдарламаға Талас ауданында — 35 техника, Жуалыда — 42, Сарысуда — 51, Меркіде — 71 техника ғана енгізілсе, Жамбыл ауданында бірде-бір техника енгізілмеген.
Жалпы облыс бойынша техникалардың жаңару көрсеткіші — 3,5% құраса, Жуалы ауданында — 2,9%, Мойынқұм ауданында — 2,8%, Т.Рысқұлов ауданында — 2,7%, Талас ауданында — 2,4%, Меркі ауданында — 2,1%, Сарысу ауданында — 1,0% құрап, облыс деңгейінен төмен болды. Сол себептен аудан әкімдіктері мен мамандар ауыл шаруашылығы техникаларының жаңаруына аса көңіл бөлуі қажет.
Өткен жылы ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен облыстағы қант қызылшасын өсіретін шаруашылық басшылары мен ауыл шаруашылығы техникасын жеткізіп-сататын компания өкілдерінің қатысуымен жергілікті бюджеттен бөлінген 200 млн. теңгеге қант қызылшасын өндіруге қажетті техникалар алу бойынша семинар-кеңестер өткізілді. Нәтижесінде, Байзақ ауданынан — 12 дана, Жамбыл ауданынан — 29 дана, Меркі ауданынан — 1 дана техникаға тапсырыс түсіп, барлығы 42 дана қант қызылшасын өндіруге қажетті техника «Тараз» ӘКҚ АҚ арқылы лизингке алынды.
Аталған қаражаттың бөлінгені және қажетті техникаларға шаруашылықтардан тапсырыс жинау бойынша аудандарға хат жолданғанымен Т.Рысқұлов, Шу аудандарынан қант қызылшасына қажетті техникаға бірде-бір тапсырыс түспеді. Бұл аудандарда қант қызылшасын жинауға қажетті техникалардың жетіспеуіне байланысты күзгі науқан кезінде көптеген қиындықтарға тап келіп, қызылша жинау мерзімі ұзаққа созылды.
Жалпы облыс бойынша ауыл шаруашылығы техникаларының басым бөлігі ескі екендігін ескерсек, бұл мәселені бірінші кезекке қоюымыз керек. Мысалы, облыста барлығы 911 астық ору комбайндары тіркелген болса, 620 комбайнның (68%) қолдану мерзімі 7 жылдан асып кеткен.
Осы мәселеге орай облыс әкімі К.Көкірекбаевтың Белорус Республикасына жұмыс сапары барысында қол жеткізген келісімдері бойынша Шу қаласындағы «Шу локомотив жөндеу зауыты» базасында Белорустық «Лидагропроммаш» ААҚ-ы комбайндардың бөлшек өнімдері мен тетіктерінен «Лида-1300» астық ору комбайнын құрастыру жұмыстары қолға алынып, былтырғы жылдың қыркүйек-қазан айларында 4 дана «Лида-1300» астық ору комбайндары құрастырылып, шығарылды. Олардың 3-еуі егін ору жұмыстарына қатысты. Оның ішінде 2 комбайн Жуалы ауданындағы «Агро Ордахан» кооперативіне, 1 комбайн Жамбыл ауданындағы «Қызыл Дихан» өндірістік кооперативіне «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке берілді.
Өткен жылы барлық аудандарға аталған комбайндарды сатып алу туралы облыс әкімінің тапсырмасы хат арқылы жолданған болатын. Алайда, аудандардан комбайнға бірде-бір тапсырыс түспеді. Бұл, аудан әкімдіктері тарапынан комбайндарды жаңарту жұмыстары бойынша тиісті шаралар жүргізбегендігін көрсетеді»- деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов.

Тегтер: ауыл шаруашылығыЖамбыл облысынұржігітовТаразтехникаусх

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты