• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 05:32
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылда XII Өңірлік Азаматтық форум басталды

Форум еліміздің түкпір-түкпірінен келген азаматтық сектор саласындағы тәжірибелі мамандардың басын қосты.

turan_admin turan_admin
11.06.2025, 12:51
Облыс жаңалықтары
Жамбылда XII Өңірлік Азаматтық форум басталды
61
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Форумның екінші күні Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының 2-кезеңін іске асыру бойынша ұсынымдар әзірлеуге арналған Конференциядан басталды. Шараны «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы Исламбек Дастанұлы жүргізіп отырды.

Осыдан алты жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Қазақстан халқына Жолдауы негізінде Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы бекітілген болатын.

Аталған жиында осы маңызды құжаттың 2026-2030 жылдарға арналған кезеңін жүзеге асыру бойынша ұстанымдар кеңінен талқыланды.

Конференцияны облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов ашып, аталған шараның маңыздылығына ерекше тоқталып өтті.

Он екінші Азаматтық форумы Жетісу өңірінен кейін екінші болып біздің Жамбыл жерінде өтіп отыр. Бұл біз үшін үлкен жауапкершілік. Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевәділеттілік,ашықтық және қоғаммен кері байланыстыөзінің саяси бағытының негізгі өзегі ретінде белгіледі. Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»тұжырымдамасы — біздің күнделікті жұмысымыздағы негізгі ұстаным. Ал,«Адал еңбек – Адал азамат – Адал табыс» қоғам құндылығын қалыптастыратын басты бағдар. Бұл бағыттаазаматтық қоғам институттарының, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдар, кәсіби сарапшылар мен қоғамдық бірлестіктердің рөлі орасан зор. Біздің өңірде азаматтық қоғаммен байланыс жүйелі түрде алға қарай ілгерлеп келеді. Бүгінде облыста 1494 үкіметтік емес ұйым тіркелсе, оның 1100 іс жүзінде жұмыс істейді. Сонымен қатар, аймағымызда 75 этно-мәдени, 11 конфессиядан тұратын 41 діни бірлестік және 7 саяси партияның өңірлік филиалы бар. Бұл институттар өңірдің әлеуметтік—экономикалық, мәдени және саяси өміріне айтарлықтай үлес қосып отыр. Биыл облысымыздағы195 мүшеден тұратын 12 қоғамдық кеңестің құрамы 100%  жаңартылып, жастардың үлесі 12,4%-ды құрап отыр (24 адам). Бұл – азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға белсенді араласуының айғағы. Жамбыл облысында үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық аясында әлеуметтік маңызы бар бағыттарға басымдық берілуде. Азаматтық секторды қолдау мақсатында жыл сайын 1 млрд.астам теңгемемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа бөлінеді. Ағымдағы жылы жалпы саны 140 тан астам жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жалпы бюджетінің шашамен 76,4%-ы(948 222,5 мың теңге)халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталса (арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, инватакси, оқыту қызметі, ымдау тілі маманының қызметі және тағы да басқасы қарастырылған). Қалған 23,6%-ы (292 906,4 мың теңге) білім, денсаулық, тіл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, діни сауаттылық, нашақорлықтың алдын алу, жастар саясаты, отбасы құндылықтары және басқа да салалардағы мақсаттарға қол жеткізуге арналған жобалар. Бүгінгі форумда біз Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының2-кезеңін іске асыру бойынша ұсынымдарды әзірлеп, форум аясында көтерілген әрбір бастаманы мұқият қарайтын боламыз. Бүгінгі форумда айтылатын ұсыныс—пікір назардан тыс қалмайды. Сондай-ақ, осы сәтте нақты айтылған ұсыныстарға Жамбыл облысы әкімдігі қолдауға білдіруге дайын екенін назарларыңызңа жеткіземін, — деді Серік Жақсылықұлы. 

Сонымен қатар, шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова арнайы қатысты. Мұнымен қатар Қазақстанның Азаматтық Альянсының Президенті Бану Нұрғазиева, PhD, Қазақстан-Британ техникалық университетінің профессоры Қайыржан Әбдіхалықов жиында сөз алып, аталған құжаттың мән-маңызын елеп-екшеп, көпшілікпен талқы жүргізді. Конференция әрі қарай өзара пікір алмасуға ұласты. 

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік ақпараттық тапсырысы негізінде жарияланды

Тегтер: II кезеңАЗАМАТТЫҚ ФОРУМЖамбыл облысыТұжырымдама
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.