• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:06
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 76 көпқабатты үй салынуда

turan_admin turan_admin
07.10.2021, 10:21
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында бой көтеретін жаңа су қоймалары 30 мың гектардан астам суармалы алқапты ылғалмен қамтамасыз етеді
90
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының орындалу барысы қаралды.

Құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орынбаевтың айтуынша, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жалпы ауданы 313,8 мың шаршы метр 76 көпқабатты үйдің (4 482 пәтер) құрылысы жүріп жатқанын хабарлады. Оның 39-ы арендалық, 37-сі ипотекалық негіздегі үйлер.

Тұрғын үй құрылысына барлығы 21,9 миллиард теңге бағытталған. 1 қазандағы жағдай бойынша баспана кезегінде33 460 адам тұр. Биыл бюджет есебінен 1402 пәтерлі 30 арендалық үй және 1500 пәтерлі 20 ипотекалық тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл дегеніміз 2902 отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі деген сөз.

Жыл басынан бері облыста 26 көпқабатты тұрғын үй (1481 пәтер) пайдалануға берілді.

— Ағымдағы жылдың 8 айында 372,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға артық, — деп хабарлады Е.Орынбаев.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерінің кезегінде 127187 жамбылдық тұр. Осы бағытта инфрақұрылыммен қамтылған 3861 жер учаскесін бөлу жоспарлануда.

«7-20-25» бағдарламасы бойыншаекінші деңгейдегі банктермен1 миллиард теңгеге 121 өтінімді мақұлданған. Сондай-ақ, жыл басынан бері 1564 салымшы тұрғын үй сатып алуға жалпы сомасы 13,3 миллиард теңге несие алған.

Жыл басынан бері облыста 26 көпқабатты тұрғын үй (1481 пәтер) пайдалануға берілген.

Облыс әкімі әлі күнге конкурсы өтпеген, мердігері анықталмаған жобаларды, бекітілген кестеден кешігіп келе жатқан құрылыстарды сынға алды. Сондай-ақ, 9-12 қабатты зәулім үйлер салу бойынша жұмыстар жүргізу ісі бүгінге дейін қолға алынбай отырғандығына да назар аудартты.

— Жыл аяғы таяп қалды. Бекітілген кестеден кешігіп келе жатқан құрылыстар баршылық. Оған себеп – бақылаудың нашарлығы. Бұл орайда басқарма нақты жұмыстар жүргізу керек. Қағазға жазғанды оқып беруге үйренгенсіздер. Сылтауларыңыз дайын тұрады. Қашанғы құжат әзірлеумен уақыт өткізесіздер? Ал, жұмыстардың нәтижесі қайда?,-деді аймақ басшысы.

Басқа да баяндамаларды мұқият тыңдаған Бердібек Сапарбаев тұрғындарды баспанамен қамтуда мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігін тиімді пайдалану керектігін тілге тиек етіп,«Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

— Мемлекеттік кірістер департаменті, құрылыс, экономика және бюджеттік жоспарлау  басқармалары кемшіліктерді жою үшін бірлесіп жұмыс жасаңыздар.Барлық қаражат уақытылы игерілуі тиіс. Бұл мемлекеттік сатып алуларды өткізуді және тиісті құжаттарды дайындауды жеделдетуге мүмкіндік береді. Бір үлгі-жоба бойынша жұмыс істеген дұрыс. Сонда жобалардың құны әр түрлі болмайды. Осылайша біз уақытты да, ақшаны да үнемдейміз. Техникалық қадағалау мен авторлық қадағалауды жүзеге асыратын компания өкілдерінің жауапкершілігін күшейту маңызды, — деп түйіндеді облыс әкімі.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.