«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалдың негізгі міндеті тегін медициналық көмек пен әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің салық түсімдері бойынша медициналық ұйымдарға қаражат аудару.
Жамбыл облысы бойынша филиал директоры Ләззат Алимовадан 2023 жылы бөлінген бюджетпен және 2024 жылдың қаражаты туралы ресми хабарлама берді.
Филиалдың 2023 жыл бюджеті: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (ары қарай — ТМККК) шеңберінде – 69 526 519,3 мың теңгені; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (ары қарай — МӘМС) жүйесінде – 51 306 223,2 мың теңгені құраған.
2024 жылға ТМККК шеңберінде – 72 019 159 мың теңгені, ал МӘМС жүйесінде – 54 082 267,2 мың теңгені құрайды.
Қор филиалының сарапшыларымен ТМККК және МӘМС бойынша жеткізушілер көрсететін қызметтердің сапасы мен көлеміне 2023 жылдың 11 айының қортындысымен 2024 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша, халыққа медициналық көмек көрсету кезінде 218 мыңнан астам кемшілік анықталып, медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 1 476 516,015 мың теңгені құрады деп хабарлама берді филиал директоры.
2022 жылы медициналық ұйымдарға салынған айыппұл 648 456,93 мың теңге болды. 2021 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша халыққа медициналық көмек көрсету кезінде 52 391 кемшілік анықталып, 1 083 308,66 теңге айыппұл салынған.