Жамбылда медициналық ұйымдарға 648 млн теңге айыппұл салынды

195
ҚАРАЛЫМ

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Жамбыл облысы бойынша филиалы  2023 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген шегімен 92 денсаулық сақтау ұйымдарымен шарт жасаған.

Атап айтқанда  тұрғындарға көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  жүйесінде қызметтерді сатып алу туралы 214 шарт жасалды. Оның ішінде тегін медициналық көмек ретінде 90 келісім шарт, ал МӘМС шеңберінде 124 келісім шарт бар.

Қор филиалдары сарапшыларымен ТМККК және МӘМС  бойынша жеткізушілер көрсететін қызметтердің сапасы мен көлеміне 2022 жылдың 11 айының қорытындысымен халыққа медициналық көмек көрсету кезінде 65 мыңдай түрлі кемшілік анықталды.

Медициналық ұйымдарға салынған айыппұл  648 456,93 мың теңге болды. 2021 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша халыққа медициналық көмек көрсету кезінде 52 391 кемшілік анықталып, 1 083 308,66 теңге  айыппұл салынған.

Қордың биылғы даму көрсеткіштері келесі жағдайда қалыптасқан: ТМККК шеңберінде 2022 жылы 57 027 174 мың теңге бөлініп,  2021 жылмен салыстырғанда 17,0 пайызға, оның ішінде алғашқы медициналық көмек 14,4 пайызға өскен. МӘМС жүйесіне 41 297 613  теңге бөлініп, 2021 жылмен салыстырғанда 19,6 пайызға ұлғайған. Оның ішінде консультативтік медициналық көмекке МӘМС жүйесі – 35,4 пайызға, стационарлық көмек – 17,2 пайызға және медициналық оңалту – 19,7 пайызға ұлғайды.

2021-2025 жылдарға арналған «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасына сәйкес «ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық көмек бойынша  амбулаториялық деңгейде медициналық көмектің көлемін кеңейту, (%)»

Қызметкерлерді айтуы бойынша, 2022 жылы  нысаналы индикатордың  орандалуы 57,8 пайызды құрап,  өз межесіне жеткен. 2022 жылы Жамбыл облысы бойынша филиалдарға, атап атйқанда  39 медициналық ұйымға 382 шағым мен өтініш тіркелген.

2021 жылғы 12 айдың қортындысы бойынша 35 медициналық ұйымның атына 478 шағым тіркелген. 2020 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша 31 медициналық ұйымның атына 197 өтініш тіркелген.

Исламбек Дастан

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы