Бүгінгі таңда бүкіл әлемдік мәселенің бірі – есірткі қылмысымен күрес болып табылады.
Есептік кезеңде облыс аумағында 286 есірткі құқық бұзушылығы тіркелді (2021ж. — 324), оның ішінде 106 қылмыс және 180 қылмыстық теріс қылық
Полиция департаментінің жеке құрамы «қаңтар оқиғасы» кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен ұрланған атыс қаруларын іздеу жұмыстарына жіберілгеніне қарамастан, заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам (2021ж.–324кг) есірткі заттары тәркіленді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 682 келіге жоғары, оның ішінде
— 956 килограмм – «марихуана» (2021ж. –244кг);
— 46 килограмм – «гашиш» (2021ж. –78кг);
— және 4 жарым килограмнан астам синтетикалық есірткі заттары (2021ж.–17гр). Осы орайда, Ресей Федерациясынан Тараз қаласына тасымалданған синтетикалық есірткі арнасының жолы кесіліп, күдіктінің үйінен есірткі лабораториясы анықталды.
Жоғарыда аталған тәркіленген есірткі заттарының құны орта есеппен «қара нарықта» 208 миллион теңгені құрайды
Одан өзге, 137 тоннадан астам әртүрлі прекурсорлар тәркіленді
Аудандарда жабайы қарасораны жоюға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде.
Қазіргі таңда Шу, Меркі, Т. Рысқұлов және Байзақ аудандарында 125 гектар жердегі 31 тоннадан астам сора өсімдігі жойылды.
Мысалы, Шу ауданында жергілікті атқарушы органдардың, прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің және орман шаруашылығының қатысуымен 100 гектардан астам жерді шабу мен өртеу арқылы 20 тоннадан астам жабайы сора жойылды
Анықтама ретінде: Шу ауданы бойынша- 20 т. 250 кг, Меркі ауданы бойынша- 2 т. 600кг, Байзақ ауданы бойынша — 1 т. 600кг, Т.Рысқұлов ауданы бойынша-7 т. 230кг
Сондай-ақ, профилактикалық жұмысқа аса маңызды көңіл бөлінуде.
Осыған орай, жыл басынан бері Білім беру және денсаулық сақтау басқармасы, туризм және спорт мекемелерімен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп орта және жоғары оқу орындарының оқушылары арасында түрлі форматтағы 345 іс-шара өткізілді және есірткіге қарсы тақырыпта бейнероликтер шығарылды.
25-ші мамыр мен 26-шы маусым аралығында Премьер министрдің орынбасары Е.Тоғжановтың қатысуымен облыс аумағында есірткі қылмысына қарсы тұру бойынша республикалық айлығы өтті. Айлық барысында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе ауқымды шаралар жасалды.
Жастарды нашақорлыққа қарсы күреске шақыру мақсатында Олимпиада чемпионы дзюдошы Елдос Сметов те осы айлыққа қатысты. Сонымен бірге, волонтерлар, жастар ресурсы, жұмыспен қамту орталығы өкілдерінің қатысуымен орта мектеп оқушылары, колледж студенттері, жоғары оқу орындарының және пробациялық орталық есебінде тұрған тұлғалар арасында 31 түрлі іс-шаралар өткізілді (акциялар-7, кездесулер-8, дәрістер-2, спорттық іс-шаралар-4, байқаулар-3, семинарлар-1, тик-ток-2, дөңгелек үстелдер-1, кинотеатр-1, экскурсия-1, бейнеролик-1).
Нашақорлықпен күрес күніне орай, Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта қала тұрғындарының қатысуымен «Нашақорлықсыз болашақ!» атты ауқымды акция өткізілді
Барлық атқарылған іс-шаралар облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды
Сондай-ақ, ғимараттардың қабырғаларында жазылған 45 граффити жазбалары «Жасыл ел — Тараз» қызметкерлерімен бірлесіп жойылды
Тараз қаласындағы көңіл көтеру орындарында 35 және оқу орындарында 12 рейдтік іс-шаралар өткізіліп, 42 әкімшілік хаттама толтырылды
Есірткімен күресті күшейту мақсатында 1 маусымнан бастап 31 қазанға дейін республика аумағында кең ауқымды «Қарасора» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Республикалық «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде есірткі заттарының «солтүстік бағыты» бойынша транзитіне тосқауыл қою мақсатында ведомство-аралық жоспар әзірленіп, Сізбен бекітілген болатын.
Іс-шара кезінде 28 жедел мобильдік топ құрылып, Полиция департаментінің 100 қызметкері, сондай-ақ 6 қызметтік-іздестіру иттері, 39 автокөлік және 134 бірлік арнайы құралдар бөлінді.
Облыстың құмды аймақтарынан есірткі заттарын Қарағанды, Алматы және Түркістан облыстарына қарай тасу арналарын жабу мақсатында 4 мобильдік топ қойылды.
Сонымен қатар, биылғы жылдан бастап қарасораның қарқынды өсетін аумақтарында барлау-іздестіру жұмыстарын жүргізу мақсатында пилотсыз ұшу аппараттары қолданылуда. Олармен осы кезеңге дейін 35 рет ұшу іс-шаралары жүргізілді.
Мысалы, Шу ауданының құмды аумағында ұшу аппаратын қолдану нәтижесінде 517 кг «марихуана» есірткі затын дайындау барысында 41 жастағы облыс тұрғыны ұсталды.
Осы жылы «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасының 44 күндік нәтижесі бойынша облыс аумағында 88 есірткі құқық бұзушылығы тіркелді, оның 35 дерегі қылмыс және 53 дерегі қылмыстық теріс қылық
Заңсыз айналымнан 751 келіге жуық әртүрлі есірткі заттары алынды (739 кг «марихуана», 11 кг «гашиш»)
жабайы қарасораның есептері 33 жыл бұрынғы, яғни 1989 жылы жасалған облыстық топографиялық картаға сәйкес жүргізілуде.
Содан бері біраз өзгерістер орын алғаны белгілі, сол себептен картаны жаңарту мәселесі туындауда.
Осыған орай «Қазақстан Ғарыш Сапары» акционерлік қоғамының ұсынысына сәйкес облыстың топографиялық картасын жаңарту ғарыштан түсіру арқылы жасалады. Алғашқы коммерциялық бағасы шамамен 45 миллион теңгені құрайды.
алдағы уақытта ауқымды профилактикалық іс-шараларды өткізу, оның ішінде есірткінің зияны мен оның заңсыз айналымына қатысты бейнероликтерді дайындап, «LED» экрандар арқылы көрсету, жастар арасында түрлі іс-шараларды (байқау, акция, спорттық іс-шара, викторина және т.б.) өткізу үшін кемінде 10 миллион теңге қаражат қажет болып тұр. Себебі, Жамбыл облысына профилактикалық жұмыстарға бөлінген ақшалай қаражат басқа облыстармен салыстырғанда өте аз көлемде екені белгілі.






