• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 06:41
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылда адам саудасына қатысты 3474 интернет-ресурс бұғатталды

Адам саудасы – қазіргі қоғамдағы ең жасырын әрі қауіпті қылмыстардың бірі. Соңғы жылдары мұндай құқық бұзушылықтардың бір бөлігі интернет пен әлеуметтік желілер арқылы жасалатындықтан, құқық қорғау органдарының назары тек рейдтік шараларға емес, цифрлық кеңістікті бақылауға да аударылып отыр. Жамбыл облысында да осы бағыттағы жұмыстар кешенді түрде жүргізілуде.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
20.07.2026, 21:19
Абырой
Жамбылда адам саудасына қатысты 3474 интернет-ресурс бұғатталды
18
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері өңірде республикалық «STOP-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасының бір кезеңі ұйымдастырылып, нәтижесінде 6 құқық бұзушылық анықталды.

Жыныстық қанауға ұшыраған адамдарды анықтау мақсатында облыстағы сауналар мен моншаларда рейдтер өткізілді. Нәтижесінде түрлі санат бойынша 16 адам жаңадан профилактикалық есепке алынды. Оның ішінде 14 адам «Жезөкше» санаты бойынша, сондай-ақ бір адам «жеңгетай» және бір адам дәстүрлі емес бағыттағы тұлға ретінде есепке қойылды.

Еңбектік қанау деректерінің алдын алу мақсатында Полиция департаменті, облыстық прокуратура, еңбек инспекциясы және «Жандану» қоғамдық бірлестігінің өкілдерінен құралған мобильді топтар өңірдегі шаруа қожалықтары мен фермерлік алқаптарды аралады.

Есепті кезеңде облыстың 10 ауданына бірлескен іссапар ұйымдастырылып, ондаған шаруа қожалығы тексерілді. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлердің, шаруа қожалықтарының, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акционерлік қоғамдардың қатысуымен 22 жұмыс кездесуі өтті. Онда еңбек қатынастарының заң талаптарына сәйкестігі және адам саудасының алдын алу мәселелері талқыланды.

Заңсыз әрекеттердің жолын кесу үшін интернет кеңістігі де тұрақты бақылауға алынды. Instagram, Facebook, Telegram, VKontakte, WhatsApp, «Қыздар.нет» және өзге де интернет-ресурстарға жүргізілген мониторинг барысында адам ағзаларын заңсыз сату, жаңа туған нәрестелер саудасы мен интимдік қызмет көрсетуге қатысты 3474 интернет-ресурс бұғатталды.

Профилактикалық жұмыстар да қатар жүргізілуде. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «Адам саудасына қарсы күрес» тақырыбында кең көлемді ақпараттық акциялар ұйымдастырылып, тұрғындарға 1600-ге жуық ақпараттық жадынама таратылды.

Бұдан бөлек, халық көп шоғырланатын қоғамдық орындардағы LED экрандарда «Адам саудасына қарсымыз»тақырыбындағы әлеуметтік материалдар көрсетіліп, азаматтарға арналған 116-16 сенім телефонының байланыс нөмірі орналастырылды.

Балаларға арналған Бірыңғай «111» Call-орталығы да жұмысын жалғастырып келеді. Бұл байланыс арнасы арқылы психологиялық көмек пен кеңес беріледі. Полиция департаментінің мәліметінше, есепті кезеңде еңбек немесе жыныстық қанауға қатысты хабарламалар тіркелмеген.

Мамандардың айтуынша, адам саудасының алдын алу тек құқық қорғау органдарының жұмысына ғана емес, қоғамның қырағылығы мен тұрғындардың құқықтық сауаттылығына да тікелей байланысты. Осыған байланысты өңірде рейдтік іс-шаралар, интернет мониторингі және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

 

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды



Тегтер: «111» Call-орталығыSTOP-трафикАдам саудасына қарсы күрес
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Азаматтық хал актілерін тіркеу

Азаматтық хал актілерін тіркеу

28.08.2026, 17:18
Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.