БІРМАНДАТТЫҚ №7 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ СМАТОВ ЖАМБЫЛ СЫРЛЫБЕКҰЛЫНЫҢ
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
«Сіздің сеніміңіз – менің жауапкершілігім!»
Құрметті сайлаушылар!
Мен, Сматов Жамбыл Сырлыбекұлы, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде Сіздердің сенімдеріңізді ақтауды, тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге ықпал етуді және округіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуды басты парызым деп білемін.
№7 сайлау округіне қала аумағындағы бірқатар көшелермен қатар Хамукат, Родничок, Родничок-1, Мичуринец, Қайнар, Төңкеріс, Ақжол, Шапағат, Гидрокешен, Бурыл, Ұлы Дала, Қызыл жұлдыз, Талас, Шайқорық, Қоңыртөбе және Ақбұлым тұрғын алаптары кіреді.
Әрбір елді мекеннің өзіне тән мәселесі мен қажеттілігі бар. Сондықтан менің басты ұстанымым – халықтың үнін естіп, нақты проблемаларды айқындап, оларды шешу үшін жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізу.
1. Жолдар және инженерлік инфрақұрылым
- Округ аумағындағы асфальтталмаған және жөндеуді қажет ететін көшелерді кезең-кезеңімен жөндеу, жаяу жүргіншілер жолдарын салу жөнінде тиісті органдарға ұсыныстар енгізу;
- Инженерлік желілері тозған аумақтарда жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жүргізу мәселесін облыстық бюджетке енгізуге ықпал ету;
- Хамукат, Родничок, Мичуринец, Қайнар, Ақжол, Шапағат және өзге де тұрғын алаптардағы инфрақұрылым мәселелерін кезең-кезеңімен шешу бағытында жұмыс жүргізу.
2. Тұрғын алаптарды дамыту
- Әрбір тұрғын алаптың өзекті мәселелерін жеке зерделеп, шешудің басым бағыттарын айқындау;
- Бурыл, Ұлы Дала, Қызыл жұлдыз, Талас, Шайқорық, Қоңыртөбе және Ақбұлым аумақтарындағы жол, жарықтандыру, ауызсу және қоғамдық көлік мәселелерін тұрақты көтеру;
- Жаңадан қалыптасып жатқан тұрғын аудандарда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның уақтылы дамуына ықпал ету;
- Тұрғындардың өтініштері негізінде көшелерді жарықтандыру, аялдамалар орнату және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру мәселелерін шешуге атсалысу;
- Елді мекендер арасындағы инфрақұрылымдық теңгерімді қамтамасыз ету жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу.
3. Білім беру және балалар қауіпсіздігі
- Мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығы мәселесін зерделеп, қажетті аумақтарда жаңа нысандар салу немесе қосымша орын ашу мәселесін көтеру;
- Мектептерге апаратын жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жаяу жүргіншілер өткелдерін, жол белгілері мен жарықтандыру жүйелерін орнатуға ықпал ету;
- Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін спорт және ойын алаңдарының санын көбейту мәселесін қарастыру;
- Оқушылардың спорттық және шығармашылық үйірмелерге қолжетімділігін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау.
4. Тазалық, көгалдандыру және экология
- Округ аумағындағы санитарлық тазалық пен тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығару мәселесін тұрақты бақылауда ұстау;
- Қоқыс алаңдарын ретке келтіру, контейнерлер санын көбейту және заңсыз қоқыс орындарын жою жөнінде ұсыныстар енгізу;
- Ағаш отырғызу, жасыл аймақтарды көбейту және егілген көшеттердің күтімін қамтамасыз ету ісін қолдау;
- Аулаішілік аумақтарды абаттандыруға, балалар және спорт алаңдарын жөндеуге назар аудару;
- «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған іс-шараларға қолдау көрсету.
5. Қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қолдау
- Қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға ықпал ету;
- Әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың, көпбалалы отбасылардың, жалғызбасты қарттардың және мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселелерін назарда ұстау;
- Әлеуметтік көмек пен мемлекеттік қолдау шараларының тиісті азаматтарға қолжетімді болуына атсалысу;
- Ардагерлермен, ақсақалдармен, қоғамдық ұйымдармен және белсенді тұрғындармен тұрақты байланыс орнату.
6. Тұрғындармен тұрақты байланыс және ашықтық
- Әрбір тұрғын алапта тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізу;
- Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын жүйелі түрде жинақтап, оларды шешу жолдарын қарастыру;
- Өзекті мәселелер бойынша облыстық және қалалық деңгейдегі мемлекеттік органдарға депутаттық сауалдар мен ұсыныстар жолдау;
- Атқарылған жұмыс туралы тұрғындарға тұрақты әрі ашық ақпарат беру.
Қорытынды
Мен үшін депутаттық қызмет – лауазым емес, халық алдындағы үлкен жауапкершілік.
Әрбір тұрғынның өтініші назардан тыс қалмауы тиіс. Әрбір мәселенің шешілуіне ықпал ету үшін нақты ұсыныс, жүйелі жұмыс және тұрақты бақылау қажет.
Бірлік бар жерде – береке бар. Бірлескен еңбек арқылы округіміздің өмір сүру сапасын арттыра аламыз.
«Әр тұрғынды тыңдаймын, әр мәселені көтеремін, нақты нәтиже үшін жұмыс істеймін!»
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.
Тапсырыс беруші: Ж.С.Сматов
№7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл облысы мәслихатының депутаттығына «Әділет» партиясы ұсынған кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан төленді.







