Ағымдағы жылдың 18 шілдесінде Жуалы аудандық полиция бөліміне 30 жастағы Қарабастау ауылының тұрғыны xабарласып, ауыл маңындағы жайылымда 61 жастағы малшыға белгісіз үш тұлғаның күш қолданып, 4 бас қойды алып кеткені туралы арыз жазған.
Жәбірленушіге жалпы құны 240 000 теңге шамасында материалдық шығын келтірілген.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабымен (тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлерімен 20-22 жас аралығындағы күдіктілер анықталып, ұсталды, олар өз кінәларын мойындады.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Еділ Мұхатайұлы -Жамбыл облысы ПД тергеу басқармасының бастығы