• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 07:11
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысының жігерлі жастары форумда бас қосты

turan_admin turan_admin
21.03.2019, 03:40
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысының жігерлі жастары форумда бас қосты
478
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Білімді жастар – ел болашағы» тақырыбындағы облыстық жастар форумы болып өтті.

Шараның мақсаты жастардың бойындағы өзекті мәселелерді талқылау, жастардың жаңа идеяларымен бөлісу, белсенді, бәсекеге қабілетті азаматтық ұстанымы бар жастарды тәрбиелеу болып табылады.

Форум барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жүзеге асырылып жатқан жобалары мен жастарды тәрбиелеуге бағытталған жұмысы туралы Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Равиль Төлебаев, жастарды қолдауға бағытталған шаралар туралы облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мади Матен, жас мемлекеттік қызметші, Жуалы ауданы, Шақпақ ауылдық округінің әкімі, 2017 жылғы Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметкері
Мұстафа Бектұрғанов, «Нұр Отан» партиясының жастар жылы аясында жоспарланған жобалары туралы Жамбыл облыстық «Жас отан» жастар қанатының төрағасы Уалихан Болатбек, облысымызда жүзеге асырылып жатқан инновациялық жобалар туралы жас ғалым Дәулет Егембердиев сөз сөйледі.

Еліміздегі жастарға қарастырылған мол мүмкіндіктер туралы Мұстафа Бектұрғанов баяндады: «Қазіргі лауазымыма мемлекеттік қызмет саласында меритократия қағидаты арқылы сатылай өстім. Ешбір тамыр таныссыз өсуге болатының бүгінгінің жастары сезінуде. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен өткен мемлекеттік қызметшілер арасында өткен конкурста жеңімпаз атанып Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлымен кездесу бақыты бұйырды. Кездесуден ерекше әсер алып, жастық жігерімді шыңдай түсті. Мемлекеттік қызметке деген қызығушылығымды одан сайын арттырды, елбасының мемлекеттік қызметшіге деген сенімі зор екенің түсіндім. Бұл байқау зор қуанышпен қатар үлкен міндет жүктеді. Республика көлемінде облысымыздың абыройын қай салада болмасын Киелі Әулие ата жерінің шоқтығы жоғары екенін көрсетуге ат салысқаныма қуаныштымын. Мақсатым еліме қызмет ету, мемлекеттік қызметке алғаш кіргендегі ел алдында қабылдаған антымма адал болу».

Өз сөзінде Равиль Төлебаев бүгінгі таңда жастарға білім алу, ғылыммен шұғылданып, идея бөлісіп, оны жүзеге асыруға толық мүмкіндіктері туралы атап өтті: «Білімнің жоғары деңгейі – кез келген елдің бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы. Білімге бөлінетін бюджет шығыстарының үлесі бойынша Қазақстан әлемдегі ең алдыңғы елдердің қатарында. Осыған байланысты, жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру және студенттердің өмір сүру жағдайларын жақсарту бойынша мемлекет тарапынан ауқымды шаралар қабылдануда. Тәуелсіздік жылдарында елімізде жоғары және сапалы білімі бар көптеген мамандар даярланды. Жастардың сауаттылық индексі бойынша Қазақстан әлемнің 155 мемлекет арасында 15 орында, ал білім индексі бойынша 9 орынға ие болғаны осыған дәлел болып отыр».

Сонымен қатар, қоғамның әр саласында табысты еңбек етіп жүрген жастар жетістіктерімен бөлісіп, ұсыныс тілектерін білдірді.
Форум қорытындысында Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Айбек Кадралиев жастар атынан 4 бағытта жұмыс жасау бойынша үндеу жасады:
1. Коворкинг орталығында Жастармен өзекті мәселелер бойынша апта сайын кездесу ұйымдастыру;
2. Ай сайын жастармен көмекке мұқтаж жандарға үй шаруасы бойынша көмектесу;
3. Ай сайын жас кәсіпкерлермен жаңа бизнес жобаларды талқылау бойынша кездесу ұйымдастыру;
4. Тоқсан сайын жастар арасында стартап жобалар бойынша байқау ұйымдастыру.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.