• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 07:18
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАР САНЫ ТӨМЕНДЕУДЕ

turan_admin turan_admin
16.07.2021, 19:06
Облыс жаңалықтары
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚ  ҚЫЛМЫСТАР САНЫ ТӨМЕНДЕУДЕ
278
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен ағымдағы жылдың алты айында өңірде 42 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркелген десек, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31-ге аз. Бұл туралы Департамент басшысы Әділхан Әшірбаев мәлімдеді.

«Тіркелген қылмыстық істер бойынша 116,7 млн. теңге көлемінде залал келтірілді, оның 96 млн. теңгесі өндірілді және 7,2 млн. теңгеге мүлікке тиым салынды. Жоғары көрсетілген жалпы қылмыстың, оның түрлерінің және оларды жасаған тұлғалардың азаю дерегі, Агенттіктің соңғы кезде жүргізіп жатқан саясатының негізінде деп түсінеміз.

6 мониторингтің нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға қатысты 13 ұсыным жолданды. Мониторинг жер учаскелерін бөлу рәсімдерін, карантиндік шектеулерді сақтай отырып, әлеуметтік төлемдерді тағайындауға қатысты мәселелерді қамтыды, — деді Ә.Әшірбаев.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірге мемлекеттік сатып алу жүйесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде, мемлекеттік органдардың сатып алу жоспарын қайта қарап, 950 миллион теңге үнемделген.

«Мысалы, Шу ауданы әкімі аппараты 1 дана компьютер бағасы 600,0 мың теңге деп жоспарласа, ұсыныспен нарықтық баға негізінде оның соммасы қайта қаралып 300,0 мың теңгеге түсірілді, үнемделгені жалпы сомма 3 млн. теңгені құрады. Онымен қоса, есептік кезенде 7 мемлекеттік органдардың, оларға қарасты мекемелердің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіліп, оның қорытындылары бойынша 74 ұсыныс енгізілді. Мониторинг және сыртқы талдау нәтижесінде анықталған 20 млн. теңгеге жуық заңсыз төлемдер бюджетке кері қайтарылуда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар 2 нормативтік құқықтық актіге, атап айтқанда, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік сатып алудың ашықтығы және осы саладағы қызметкерлерге жәрдемақы төлеу бағытындағы заңнамалық ақтілерге өзгерістер енгізілді. Қазіргі таңда, ветеринария, табиғи монополия, денсаулық сақтау, енбек қатынастары саласындағы заңнамаға өзгерістер бойынша енгізілген 23 ұсыныс қаралуда», — деді Ә.Әшірбаев.

Сонымен бірге, Департамент басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі ауылшаруашылық субсидия бөлу мәселесіне талдау жүргізуді, ол бағыттағы қызметтердің тұтынушыларға қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданып жатқандығы туралы апат өтті.

«Бүгінгі күнге Департаменттің қатысуымен өңірлік жұмысшы топ Байзақ, Жамбыл, Сарысу, Жуалы, Т.Рысқұлов, Меркі және Талас аудандарындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесіп, шешімін табуды қажет ететін 20 – ға жуық сұрақтарды жинақтады. Олар, субсидия төлеу уақыты, «қолдау» ақпараттық жүйесімен күту парағының қолдану барысы және кезектілігі, жылқы малына субсидия қарастырмау, жайылымдық және суармалық жерлердің тапшылығы, асыл тұқымды аналық бас малының сақталу мерзімі, ИСЖ базасының дұрыс жұмыс жасамауы және тағы басқалары мәселелер қамтылды. Күні кеше, Департамент облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімінің басшысы, сыбайластарымен алдын — ала сөз байласып, нақты мал басын сатып алмағанына қарамастан, 15 млн. теңге мемлекеттен заңсыз субсидия алғаны үшін тергелген қылмыстық іс сотқа жолданды. Жүргізіліп жатқан ауқымды талдау нәтижесімен, міне осындай сыбайласқа алып келетін жолдарды жабуымыз керек», — Ә.Әшірбаев.

Департаментпен тарапынан ақпараттық — ағартушылық жұмыстарды ұйымдастыру және мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік желідегі тікелей эфир арқылы «Antikorlive» жобасы — 430 эфир, «Adal komek» жобасы — 361 түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Департаменттің ұсынысы негізінде облыс аумағындағы 327 квазимемлекеттік сектор субъектілерінде комплаенс қызметтің ережелері бекітіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жауапты тұлғалары белгіленген. Сонымен қатар, облыс көлемінде Агенттіктің CALL – орталығының «1424» нөмірі бейнеленген 155 баннер және 80 000 мыңнан астам арнайы жадынамалар таратылған.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51
Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37
8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

14.10.2026, 13:41
СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

14.10.2026, 09:16
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.