• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 13:31
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында сотталғандардың 44,8 пайызы темір торға жабылды: соттар жаза тағайындау себептерін түсіндірді

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Жамбыл облысының соттары 835 азаматқа қатысты айыптау үкімдерін шығарды.

Арайлы Жақсылық Арайлы Жақсылық
26.07.2026, 09:00
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында сотталғандардың 44,8 пайызы темір торға жабылды: соттар жаза тағайындау себептерін түсіндірді
36
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Сотталғандардың ішінде 374 тұлға немесе жалпы құрамның 44,8 пайызы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Салыстырмалы түрде алсақ, бұл көрсеткіш республикалық орташа деңгейден (39,8%) 5 пайызға жоғары болып отыр. Өңірде бас бостандығынан айыру жазасын қолдану үлесінің артуы соттардың жазалау саясатын қатаңдатқанын білдірмейді, бұған ең алдымен сотталатын қылмыстардың сипаты мен соңғы уақыттағы заңнамалық өзгерістер тікелей әсер еткен.

Мәселен, онша ауыр емес қылмыстар жасағаны үшін сотталған 53 адамның 23-іне (43,7%) нақты бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Тереңдетілген статистикалық талдау көрсеткендей, бұл 23 тұлғаның 16-сы көлік қылмыстарын жасағаны үшін сотталғандар болып табылады. Оның ішінде 9 іс бойынша қайғылы оқиға орын алып, жәбірленушілердің өліміне алып келген, ал 7 іс бойынша азаматтардың денсаулығына ауыр зиян келтірілген. Қалған жағдайларда, 1 тұлға Қылмыстық кодекстің бірнеше баптары бойынша (107, 190, 214, 380, 427-баптар) жиынтық түрде, ал 2 тұлға 104-бап (абайсызда қазаға ұшырату) бойынша сотталған. Жолдағы адам өлімі мен ауыр зардаптарға әкелген қылмыстар үшін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің амалсыз шарасы.

Орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша да бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау көрсеткішінің жоғары екені байқалады. Есепті кезеңде осы санат бойынша 172 тұлға сотталса (өткен жылы – 107 тұлға), оның 81-іне немесе 47,1 пайызына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Бұл санаттағы сотталғандар санының күрт өсуі заңнамадағы реформалармен түсіндіріледі. Атап айтқанда, бұған дейін онша ауыр емес қылмыстарға жатқызылған кейбір баптар (масаң күйде көлік жүргізу, мемлекеттік шекараны заңсыз өту сияқты ҚК-нің 392, 346-баптары) орташа ауырлықтағы қылмыстар санатына ауыстырылды. Есепті кезеңнің өзінде шекарадан заңсыз өту (392-бап) бойынша сотталған 33 адамның 25-іне, ал жол ережесін бұзу (345-баптың 3-бөлігі) бойынша сотталған 10 адамның 9-ына бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды

Тегтер: Жамбыл облыстық сотыжарты жылдық қорытындысы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.