• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:01
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасы сақталуда

turan_admin turan_admin
21.07.2020, 22:12
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасы сақталуда
154
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен бейнеконференция режимінде өткен облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды.

Жамбыл облысында әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштері республикалық орташа көрсеткіштен жоғары деңгейде қамтамасыз етілген. Атқарылған жұмыс аз емес. Алайда ол жолда кездескен кедергілер де жоқ болды. Облыс әкімі баяндамашылардан кеткен кемшіліктер мен оларды жою жолдарына баса назар аудару керектігін ескертті.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова есепті мерзімде экономикалық өсім 101 пайызды құрағаның деп хабарлады. Өнеркәсіп өндірісінде (101,5%), ауыл шаруашылығында (102,7%), құрылыста (121,2%) оң динамика байқалады.

Тұрғын үйді пайдалануға беру 10,9 пайызға немесе 250 мың шаршы метрге артқан. 139,2 млрд.теңге инвестиция тартылса, бұл 6,4 пайызға көп.

Бұл кезеңде өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындар 237,5 млрд. теңгенің өнімін өндірсе, нақты көлем индексі 101,5 пайызды құрады. Саладағы өсімге тау-кен, өндеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтаудағы оң көрсеткіштердің есебінен қол жеткізілді.

Осы орайда артта қалғандар қатарына Меркі (өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,3 пайыз аз) және Мойынқұм (3,6 пайыз) аудандары кіреді.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 71,5 млрд. теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,7 пайызды құрады.

Дегенмен, барлық аудандарда оң динамика сақталып отыр деп айта алмаймыз. Мысалы, Қордай ауданында мал шаруашылығы 4,6 пайызға, Меркі ауданында 9,7 пайызға төмендеген.

Мойынқұм, Қордай, Сарысу аудандарында ұсақ мал басы, Байзақ, Меркі аудандарында түйе саны, Жамбыл ауданында құс азайғандығы белгілі болған. Ал, Сарысу және Шу аудандары инвестиция тарту бойынша жұмыстарда әлсіздік танытқан.

Бердібек Сапарбаев аудан әкімдерінен қатаң талап қойып, барлық көрсеткіштердің өсуін қамтамасыз етуді тапсырды. Ол жағдайды жақсартуға және жоғалған уақыттың орнын толтыруға болатынын атап өтіп, бұл мәселелер тоғыз айдың қорытындысы бойынша қайта қаралатынын жеткізді.

Басқосу барысында облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану бағытында қолға алынып жатқан шаралар туралы баяндады.

Оның айтуынша, өңірдегі ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық түрлерінің егістік алқабы 715,0 мың гектарды құраса, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,9 мың гектарға артық. 2 мың гектардан астам жайылымдық жер егістік алқапқа айналды. Сондай-ақ, жыл сайын жеке шаруа қожалықтарынан тұрақты табыс алатын ауыл тұрғындарының саны да артып келеді. Жыл басынан бері 36,4 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. 30 мың гектар алқапта ресурстарды үнемдеу технологиясы қолданылуда.

Баяндама соңында Берік Нығмашев кейбір аудандар ауылшаруашылық дақылдарын себу жоспарын толығымен орындамағанын тілге тиек етті. Айталық, Байзақ, Жамбыл, Қордай, Шу аудандарында майлы дақылдарды себу жоспары, Қордай, Талас, Шу аудандарында — қант қызылшасы, Тараз және Жуалы ауданында – картоп отырғызу межесіне қол жеткізілмеген.

— Жуалы ауданында картоп басым бағыттағы дақылдар қатарына енеді. Аудан әкімі мен ауыл әкімдерінің жағдайды бақылаудан қалай шығарып алғандығы түсініксіз. Біздің құнарлы жеріміз өз қажеттіліктерімізді толық өтеуге мүмкіндік береді. Тек әкімдер бұл мәселелермен байыпты түрде айналыспай отыр. Барлығы өз бетінше жұмыс істеуге үйренген, — дейді Бердібек Сапарбаев.

Ол жаңа ауылшаруашылық технологияларын енгізу, ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыруға негізделген пилоттық жобаның мүмкіндіктерін барынша пайдалануды тапсырды.

Жиынның күн тәртібінде қаралған келесі мәселе – халықты жұмыспен қамту саласында атқарылған жұмыстарды қанағаттанарлықсыз деп бағалауға болады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубековтың айтуынша, облыста «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын жүзеге асырудың орташа көрсеткіші 85,9 пайызды құрайды.

Өңір басшысының осы тұрғыдағы көптеген сын-ескертпелеріне қарамастан,  Тараз, Байзақ және Жуалы аудандарының әкімдері тиісті қорытынды шығармағандығы байқалады.

«Еңбек» бағдарламасы аясында 50 мыңнан астам тұрғынды, оның ішінде 40 мыңнан астам жұмыссыздарды жұмыспен қамту  қажет болса, жоспардың жартысы да орындалмаған. Микрокредиттер мен гранттар беруде де көрсеткіш көңілден шықпайды.

Бердібек Сапарбаев жаңа жұмыс орындарын ашу туралы нұсқаулардың орындалмауына байланысты жауаптылардан жауаптар алды. Бұл жолы әдеттегідей аудан әкімдері емес, көрсеткіштері нашар ауылдық округ әкімдеріне сауалдар жолданды.

Мәселен, Байзақ ауданының Көктерек ауылдық округінің, Жамбыл ауданының Ерназар және Ақбұлым ауылдық округтерінің, Жуалы ауданының Мыңбұлақ ауылдық округінің, Т.Рысқұлов ауданының Қорағаты ауылдық округінің, Қордай ауданының Үлкенсұлутөр, Қақпатас ауылдық округтерінің, Сарысу ауданының Жаңаталап ауылдық округінің, Мойынқұм ауданының Биназар ауылдық округінің, Меркі ауданының Ойтал ауылдық округінің тұрғындары соңғы жылдары қайтарымсыз гранттар және микрокредиттерге қол жеткізбеген.

Нәтижесінде бұл ауылдардағы жұмыссыздық деңгейі жыл сайын нашарлап келеді. Бұл мәселені шешу үшін ауыл әкімдері тіпті «Сыбаға» бағдарламасының мүмкіндіктерін де пайдалануға тырысар емес. Тіркелген шаруа қожалықтарының үштен бірі іс жүзінде жұмыс істемейді. Ауылшаруашылық жерлері де тиімсіз пайдаланылуда. Соңғы екі жылда аталған ауылдарда әлеуметтік нысандардың салынбағандығы анықталған.

Осыған байланысты Бердібек Сапарбаев ауыл әкімдерінің жеке жауапкершілігін қарастыруды тапсырды.

Алқа жұмысын қорытындылай келе, Бердібек Сапарбаев барлық мәселелерді қысқа мерзімде шешу керектігін қадап айтты.

— Мемлекет басшысы жұмыспен қамту мәселесіне айрықша назар аударуды тапсырды. Жергілікті жерлерде қажетті барлық шаралар қабылдануы тиіс. Бірінші жартыжылдықта облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы оң нәтиже көрсетті десек,  өсім негізгі көрсеткіштермен қамтамасыз етілді. Бұл қарқынды бәсеңдетуге болмайды. Біздің ортақ міндетіміз – жылдың аяғына дейін экономиканы қалпына келтіру, тұрақтылықты сақтау және барлық жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, — деп қорытындылады Бердібек Сапарбаев.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.