Жамбыл облысында ұрланған қаруды ғана емес, жалпы заңсыз айналымдағы қаруды табу және тәркілеу бойынша мақсатты жұмыстар жалғасуда.
Меркі ауданында қараусыз қалған ғимараттардың бірінен, бұрынғы аудандық тұтыну қоймасынан полиэтилен пакет табылып, оның ішінен зауыттық нөмірлері механикалық түрде өшірілген «ИЖ» маркалы қос ұңғылы тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, әртүрлі калибрлі 12 патрон және жарық-шу гранатасы болды.
— Аталған дерекке қатысты сот-баллистикалық сраптамасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жедел-іздестіру іс — шаралары барысында полиция қызметкерлері қару-жарақ қоймаларын анықтау бойынша іздестіру жұмыстарын жалғастыруда, — деді ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.