• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:13
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында 2025 жыл «Кітап оқу жылы» деп жарияланды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Turan Redaktor Turan Redaktor
26.12.2024, 22:44
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында 2025 жыл «Кітап оқу жылы» деп жарияланды
127
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қабырғалы қаламгерлермен өңірді дамытудың мүмкіндіктерін талқылап, ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Өңір басшысы өтіп бара жатқан жылды қорытындылап, өңірдің әлеуметтік-мәдени дамуы мен 2025 жылға арналған жоспарларды кеңінен тарқатып айтып берді. Көркем сөз шеберлерін Қазақстан Жазушылар Одағының 90 жылдығымен құттықтады.

Жергілікті қауырсын қалам иелерін қолдау мақсатында 24 ақын-жазушының кітабы жарық көрді.

— Мемлекет басшысы «Әдебиет – ойымыздың тереңдігі мен рухымыздың асқақтығын айғақтайтын ұлы қазына» деп атап өткендей, қай кезеңде болмасын әдебиет ұлтты тәрбилеуші басты құрал болып қала береді. Біздің басты міндетіміз – жастарды ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрімізге сай тәрбиелеу. Әсіресе, қазіргі жаһандану кезеңінде ұлттық бірегейлігімізді сақтап қалудың маңызы зор деп білемін. Бұл аса жауапты мәселеде Сіздердің салмақты ойларыңыз бен әрбір шығармаларыңыз өскелең ұрпаққа рухани азық, – деді облыс әкімі.

Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысында «Тараз — кітап оқитын қала» жобасы аясында 2025 жыл «Кітап оқу жылы»болып жарияланғанын хабарлады.

Келер жылы тарихи жер-су атауларына байланысты «Әулие Ата аңыздары» атты жинақ жарыққа шығады.

2025 жылы Таразда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ТМД елдерінің «Достастық жәрмеңкесі» өтеді.

Сонымен бірге келер жылы белгілі тұлғалар мен жазушылардың мерейтойларын атап өтуге арналған іс-шаралар жоспары талқыланды.

Кездесу барысында жазушы Пернебай Дүйсенбин, жазушы, драматург Елен Әлімжан, ақын Шырын Мамасерікова, ардагер журналист Бекет Момынқұл, жазушы Сабырғали Рысбай, қос ақын Үміт Битенова мен Ғайни Әлімбекқызы сөз сөйледі.

Оқушыларға тарихи экскурсиялар ұйымдастыру, тарихи және сәулеттік мұра – Әулиата кезеңіне тиесілі ғимараттарды сақтау, аты аңызға айналған алып тұлға, әскери қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойы аясында іс-шаралар өткізу, жергілікті ақындар мен жазушылардың шығармашылығын дәріптеу туралы ұсыныстар айтылды.

Облыс әкімі барлық ұсыныс-тілек ескерілетінін атап өтіп, алдағы уақытта әдебиет пен мәдениетті дамытудың өзекті мәселелері дәстүрлі кездесулерде талқыланатынын жеткізді.

Жамбыл облысының әкімдігі

Тегтер: Ербол ҚарашөкеевЖамбыл облысызиялы қауымкітап оқу
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.