• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
13.10.2026, 00:28
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Ш.Ниязбеков және Тастөбе ауылында жер телімі үлестірілді

turan_admin turan_admin
05.11.2021, 12:54
Аудан жаңалықтары
Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Ш.Ниязбеков және Тастөбе ауылында жер телімі үлестірілді
225
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін Шәкен Ниязбеков ауылында 100-ге жуық адам тұрғын үй салуға жер телімін алды.

Жұртшылықтың қуанышына ортақтасуға келген Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев бұл мәселені көпшілік көптен бері қаузап келгенін айтты.

– Бүгін 97 жер учаскесі кезекте тұрған азаматтарға үлестіріледі. Өткен жылғы кездесуде осы жағдайды жеткізген ауыл тұрғындарының өтініші бүгінде орындалуда. Облыс әкімі Бердібек Машбекұлы қолдауымен ауданда биыл 1864 жер учаскесіне инфрақұрылымдық-инженерлік жұмыстар жүргізілді. Осы жаңа тұрғын үй алқабында зәулім үйлер бой көтеріп, әрбір отбасымен әрбір шаңырақта береке-бірлік болуына тілектеспін.
Жаңа тұрғын үй алқабы құтты болсын! Бақ-береке қонсын, – деді өңір басшысы құттықтауында.

Жер кезегін көптен бері тағатсыздана тосып жүрген ауыл азаматы Зарина Болысбекова:
– Үлкен шаңырақта тұрып келеміз. Осыдан 7 жыл бұрын әкімдікке жер кезегіне тұрған едік. Өткен жолы аудан басшысының тұрғындармен кездесуінде осы мәселені көптеген азаматтар көтерді. Бүгінде сол тілегімізді орындап жатқанына алғысым шексіз. Кеше әкімдіктің жігіттері кезегіңіз келіп тұр, мына уақытта мына жерде болыңыз дегенде қатты қуандым. Тұрғын үй салудың қарекетіне тездетіп кірісемін, – дейді ол.

Айта кету керек, ауданда 1864 азаматқа 7 елді мекеннен жер беру жұмыстары қызу жүргізілуде. Соның бірі — Шәкен Ниязбеков ауылы. 97 жер учаскесіне электр жарығы, ауыз су, «көгілдір отын» жүйесі жүргізілген.

79 ТАСТӨБЕЛІК ЖЕР УЧАСКЕСІН ИЕЛЕНДІ

Сондай-ақ Ш.Ниязбеков ауылынан шыққан аудан әкімі Сәкен Арубаев Тастөбе ауылына барып, 79 азаматқа берілетін жер телемімен құттықтады.

– Бүгін ауылдарыңызға арнайы келіп, жағымды жаңалықты жария етпекпіз. Үй салып, шаңырақ көтеремін деген отбасыларға кезектілікпен жер телімі беріледі. Осы жағдайды ауылдың қариялары жеткізген еді. Міне, бүгін сол уәденің орындалуына куә болып отырсыздар, — деді өңір басшысы.

Аталған жер учаскесіне электр жарығы мен ауыз су құбыры тартылған.

– Кезекке 8 жыл бұрын тұрған екенмін. Бүгін кезегім бойынша хабар келгеннен кейін жедел жеттік. Облыс, аудан басшыларына алғысымды білдіремін. Берілген 12 соттық жерге қара шаңырақты ьіктеу ойымызда бар, — дейді Земфира Салпагарова.

АЛДАҒЫ КҮНДЕРІ ЖЕР ТЕЛІМІ БЕРІЛЕТІН АУЫЛДАР ТІЗБЕСІ

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында алдағы күндері Айшабибі ауылынан 382, Бірлесу-Еңбек ауылынан 130 жер теліміне электр жарығы, газ желісі, ауызсу, Бектөбе ауылынан 143, Аса ауылынынан 811 жер учаскесіне электр жарығы, газ желісі, Қызылқайнар ауылынан 222 жер теліміне қиыршық тас төсеу, электр, газ желісі тартылған жер учаскелері кезектілік тәртібімен беріледі.

Ақжігіт Жетпісбай,
Жамбыл ауданы.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбылда директорлар ауысты: 12 білім ұйымына жаңа басшы келді

Жамбылда директорлар ауысты: 12 білім ұйымына жаңа басшы келді

08.09.2026, 14:55
Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» вокзалы пайдалануға берілді

Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» вокзалы пайдалануға берілді

12.08.2026, 17:50
Экс әкім «QazaqGaz Aimaq» директоры болып тағайындалды

Экс әкім «QazaqGaz Aimaq» директоры болып тағайындалды

21.07.2026, 09:02
Жамбыл ауданында кадрлық ауыс-түйістер орын алды

Жамбыл ауданында кадрлық ауыс-түйістер орын алды

17.06.2026, 20:42
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

12.10.2026, 19:49

Жамбыл өңірінде су электр стансаларын салу ісі қалай жүріп жатыр?

12.10.2026, 18:31

Жуалыдағы күн электр стансалары қалай жұмыс істеп тұр?

12.10.2026, 17:25

Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

12.10.2026, 16:14

Доллардың күш алуы теңге мен халықтың қалтасына қалай әсер етеді?

12.10.2026, 16:12

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.