• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:21
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысы Жамбыл ауданына екі жылда 10 ауылға газ, 7 ауылға ауыз су тартылды

turan_admin turan_admin
10.11.2021, 18:06
Аудан жаңалықтары
Жамбыл облысы Жамбыл ауданына екі жылда 10 ауылға газ, 7 ауылға ауыз су тартылды
89
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл ауданына 2020-2021 жылдары ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына облыс әкімінің қолдауымен 7 ауылға ауызсу, 10 ауылға табиғи отын жеткіздік. Бағдарлама шеңберінде ауданға 2020 жылы 5,5 млрд теңге бөлініп, 42 жоба (96 нысан) іске асырылды. Оның 4,5 млрд теңгесі 15 жаңа құрылысқа, 753,9 млн теңге 15 нысанның орта, 206,1 млн теңге 12 нысанның ағымды жөнделуіне жұмсалды. Біз жобалардың мемлекеттік сатып алу шарттарын қайта қарау барысында 142 миллион теңге үнемдеп, ол қаражатты тиімді пайдалану үшін облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына қосымша 30 жобаның құжаттарын жолдадық. Бүгінгі таңда тиісті жобалар бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды. Аталмыш бағдарлама аясында сол жылы 1841 жаңа жұмыс орны ашылып, 1000-ға жуық азамат аудан әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа қабылданды.

Жасөркен, Қызылқайнар, Ақбұлым, Бәйтерек, Қаратау ауылдарын сапалы ауызсумен қамту үшін 2,6 млрд теңге қаралып, 1863 аула, 10600 тұрғын тіршілік нәріне қол жеткізді. 29 елді мекенде 12604 ауладағы 70367 адам ауызсумен қамтылған. Бұл дегеніміз өңірдегі ауланың 80%-ы, халықтың 82%-ы сапалы ауызсу тұтынып отыр. Өткен жылы бағдарлама шеңберінде Қаракемер, Рахат, Еңбек, Тастөбе, Ащыбұлақ ауылдарын «көгілдір отынмен» қамту үшін 725,2 млн теңге бөлініп, 6299 тұрғынның 926 ауласына газ құбыры тартылды. Нәтижесінде, газ құбыры тартылған мекендер саны 32-ге, қамтылған аула саны 12388 бірлікке, яғни 78923 адамға жетті. Сондай-ақ Аса ауылында 5 қабатты 76 пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталып, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пәтер иелеріне кілттерін табыс етті. 2020 жылы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Жамбыл ауылында Жамбыл атындағы орта мектептің құрылысы аяқталды. 100 орындық білім ордасына бағдарлама шеңберінде 444,5 млн теңге бөлінді. Жасөркен ауылынан контрабандалық малдарды уақытша ұстау орнының құрылысына 33,2 млн теңге, «БАМ» су қоймасын қалпына келтіруге 11 млн теңге, Ш.Ниязбеков ауылынан ашық футбол алаңын салуға 21,7 млн теңге, Қаракемер, Ащыбұлақ, Бесағаш ауылдарындағы 7 каналды механикалық тазалау жұмыстарына 34,6 млн теңге қаралса, Өрнек ауылының Бекбенбет және Медер көшелерін толықтай жарықтандыруға 18,4 млн теңге аударылды.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» вокзалы пайдалануға берілді

Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» вокзалы пайдалануға берілді

12.08.2026, 17:50
Экс әкім «QazaqGaz Aimaq» директоры болып тағайындалды

Экс әкім «QazaqGaz Aimaq» директоры болып тағайындалды

21.07.2026, 09:02
Жамбыл ауданында кадрлық ауыс-түйістер орын алды

Жамбыл ауданында кадрлық ауыс-түйістер орын алды

17.06.2026, 20:42
Т. Рысқұлов ауданының прокуроры инвестордың құқығын қорғады

Т. Рысқұлов ауданының прокуроры инвестордың құқығын қорғады

14.06.2026, 19:39

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.