• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:16
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімі Арубаев тұрғындарға үндеуін жариялады

turan_admin turan_admin
03.08.2021, 18:12
Аудан жаңалықтары
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімі  Арубаев тұрғындарға үндеуін жариялады
289
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев өзінің фэйсбуктағы жеке парақшасында індетке байланысты тұрғындар мен тойхана иелеріне қайырылды

ҚҰРМЕТТІ ТҰРҒЫНДАР, БАУЫРЛАР!

Бүгін өздеріңізге өз өтінішімді білдіру үшін қайырылып отырмын. Қазір елімізде ғана емес, әлемхалықтарында коронавирус індетінің ахуалы тым күрделеніп барады. Оның басқа да түрлері анықталып, адам өміріне үлкен қауіп төндіріп отыр. Індеттен көз жұмғандар қатары көбейіп, оны жұқтырғандар саны күннен күнге артып келеді. Бүгінде той жасап, құда күтіп, топтап қонақ шақырып жатқан азаматтарды көріп те, естіп те жатырсыздар.

Әрине қуанышқа, біреудің шаттығын бөлісіп, тілеулес болғанға не жетсін. Бірақ бұл әрекетіміздің соңы өкінішті жағдайларға ұласып жатса, сол жиыннан біріміз мына дертті жұқтырып, оны жақындарымызға таратып жатсақ, ондай мерейтойдың мына біздер үшін қандай қайыры бар.

Қазірдің өзінде аудандық орталық ауруханада 140-тан астам адам өмір мен өлімнің арасындағы шекараны анықтай алмай, күресіп жатыр. Жансақтау бөлмесіне жеткізілген науқастар қайтыс болып, оның орнына басқа науқастар келіп түсуде. «Сақтансаң – сақтаймын» деген саналы сөзді көкейімізге түйген халық едік қой. Отбасымыз, туыс-туғанымыз, бала-шағамыздың ертеңі үшін, елдің жарқын болашағы үшін қарапайым сақтық шараларын сақтауымыз керек. Мен осыған барлықтарыңызды шақырамын.

Отбасы ата-анасыз, бала-шағасыз қалмасын десек, дәрігерлердің нұсқаулықтарын бұлжытпай орындап, бетперде тағуды әдетке айналдырып, жұқпалы дерттің алдын алудың жалғыз жолы – вакцинаны қабылдайық.

Жақындарымызға өзімізден басқа жанашыр жоқ екенін, олардың, кішкентай балғындардың өмірін қатерге тікпейік, ағайын!

ҚҰРМЕТТІ ТОЙХАНА, МЕЙРАМХАНА ИЕЛЕРІ!

Қазақ – қалтаның қамын ойлаған халықпа еді?! Бүгінде мына дерті жұқтырғандардың басым көпшілігін тойларға, мерекелік жиындарға барғандар құрап отыр. Қаншама адам әкесіз, анасыз қалып жатыр. Мұндай алмағайып заманда мейрамхана мен тойхана иелері түсіністік танытып, елдің келешегін ойлап әрекет етуі керек деп санаймын. Кейбір тойларда бүлдіршіндерін, ата-анасын жетектеп келе жатқан ұл-қыздарды көріп жүрміз. Біз олардың өмірін неге ойламаймыз?! Айрандай ұйып отырған шаңыраққа қайғы сыйламайын десеңіздер мейрамханалар мен тойханалар есігін біржола жауып, қызмет көрсетпеулеріңізді сұранамын.
Ел азаматтарының болашағына балта шаппайық. Сақтық шараларын орындап, талаптарға бағынайық!

Қуанышты бөлісетін де уақыт келетініне кәміл сенімдімін.

Отбасыларыңыз бен жақындарыңыз аман болсын!

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» вокзалы пайдалануға берілді

Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» вокзалы пайдалануға берілді

12.08.2026, 17:50
Экс әкім «QazaqGaz Aimaq» директоры болып тағайындалды

Экс әкім «QazaqGaz Aimaq» директоры болып тағайындалды

21.07.2026, 09:02
Жамбыл ауданында кадрлық ауыс-түйістер орын алды

Жамбыл ауданында кадрлық ауыс-түйістер орын алды

17.06.2026, 20:42
Т. Рысқұлов ауданының прокуроры инвестордың құқығын қорғады

Т. Рысқұлов ауданының прокуроры инвестордың құқығын қорғады

14.06.2026, 19:39

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.