• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 11:32
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысы ПД бастығы жаңатастық полицейлерді марапаттады

turan_admin turan_admin
05.04.2023, 19:27
Абырой
Жамбыл облысы ПД бастығы жаңатастық полицейлерді марапаттады
79
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин азаматтардың қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін қатерге тіге отырып, көзсіз батырлық танытқан полиция қызметкерлерін салтанатты түрде марапаттады.

Ағымдағы жылдың 19 ақпанында  Сарысу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында кәсіби шеберлігі мен қызметке деген адалдығын көрсетіп, өздеріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан қарулы қылмыскерді құрықтаған болатын. 

Полиция қызметкерлерінің қызметтік борышын атқарудағы батылдығы мен жанқиярлығын ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов та жоғары бағалады.

Жуырда ҚР Президентінің Жарлығымен  ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған Сарысу АПБ криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі полиция капитаны Бекен  Қонысовты полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин арнайы құттықтап, өз атынан алғыс хат пен «Қазақстан полициясына 30 жыл» атаулы сағатын тапсырды.

Сондай-ақ, Сарысу АПБ учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Абзал Асаубай және полиция лейтенанты Фархат Өтепбергеновке ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалін табыстады. 

Тағы бір Сарысу АПБ-ның учаскелік инспекторы полиция капитаны Руслан Көрпебаев пен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы полиция лейтенанты Ғабиден Егембердиев  «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісімен наградталды.

Сонымен қатар, жақын күндері Полиция департаментіне тараздық ата-аналар хабарласып, мұздың бетінде жүріп суға түсіп кеткен балаларын құтқарған полиция қызметкері туралы хабардар еткен болатын.             

Атап айтқанда, 2022 жылдың желтоқсан айында полиция лейтенанты Қ. Тұрлыбаев жұмысқа барар жолда Саңырақ батыр көшесі маңында автокөлігімен өтіп бара жатып балалардың айқайлаған дауысын естіген. Полиция қызметкері ойланбастан оларды тауып алып, үстіндегі киімімен терең суға секіріп, батып бара жатқан екі кішкентай баланы судан алып шыққан. Содан соң екеуін үйлеріне жеткізіп, ата-аналарына табыстаған. Бұл әрекетін ол ерлік деп санамай, қарапайымдылық танытып, болған оқиға туралы ешкімге айтпаған.

Полиция лейтенанты Қайрат Тұрлыбаев азаматтық борышы мен антына адалдық танытып, кәмелетке толмаған балалардың өмірін құтқарып қалғаны үшін ПД бастығының алғыс хатымен марапатталды.

Арманбек Хакімбекұлы марапат алған барша полиция қызметкерлеріне: «Сіздер осы істеріңізбен жұмысқа берілген, нағыз қайсар, кәсіби маман екендеріңізді көрсетіп, басқа әріптестеріңізге үлгі болып отырсыздар. Алдағы уақытта да елге адал қызмет етіп, тек биіктен көрінеді деп сенемін» — деп атап өтті ол өз сөзінде

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Азаматтық хал актілерін тіркеу

Азаматтық хал актілерін тіркеу

28.08.2026, 17:18
Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.