• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
14.09.2026, 17:20
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысы мәслихатының 30 жылдығы атап өтілді

Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына биыл 30 жыл толып отыр.

Turan Redaktor Turan Redaktor
20.11.2024, 19:52
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысы мәслихатының 30 жылдығы атап өтілді
55
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Осыған орай Жамбыл облысының мәслихатының 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Шараға аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев қатысып, мәслихаттың өңір өміріндегі маңыздылығын атап өтті.

Облыс әкімі барлық шақырылымдағы депутаттардың еңбегін жоғары бағалап, жауапты жергілікті өкілді орган халық пен билік арасындағы алтын көпір қызметін жемісті атқарып келе жатқанын жеткізді. Бұдан соң бірлескен үйлесімді жұмыстың нәтижелеріне қысқаша тоқталды.

Жыл соңына дейін жамбылдықтарды ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейін 98,1 пайызға, табиғи газбен қамтамасыз ету көрсеткішін 91,3 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда.

Облыста 16,5 шақырым жаңа жол салынды, 3 шақырым жол қайта жаңартылып, 1 көпірдің құрылысы жүруде. 500 шақырымға жуық жол орташа жөндеуден өтті. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 99 пайызға, көше жолдары желісі 87 пайызға жетті.

Өңірде 36 білім беру нысанының құрылысы қарқын алған. Жыл соңына дейін 15 нысанды пайдалануға беру жоспарланып, бүгінге дейін 10 нысан балалар игілігіне берілді. Сонымен бірге 2 жайлы мектеп ашылып, 10 нысан күрделі жөндеуден өтті.

10 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға тапсырылды (жоспар — 26 нысан). 33 санитариялық автокөлік сатып алынды.

69 спорт алаңы (жоспар — 74) ашылып, 4 дене-шынықтыру сауықтыру кешені іске қосылды.

16 мәдениет нысанының құрылысы жүргізілсе, оның үшеуі халық игілігіне тапсырылды.

577,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 79 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізіліп, 26 үйдің ауласына ойын алаңдары салынды.

Салтанатты шарада облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Солтыбаев, Мойынқұм аудандық мәслихатының депутаты Бағлан Жүнісбеков мерейтойға орай ізгі тілектерін білдірді.

Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына орай бірқатар мәслихат ардагері мен халық қалаулысына «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, облыс әкімінің Құрмет грамотасы, сондай-ақ түрлі мерекелік марапаттар салтанатты түрде табысталды.

Мерекелік кеш К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы әртістерінің концерттік бағарламасымен қорытындыланды.

Жамбыл облысының әкімдігі

Тегтер: Ербол ҚарашөкеевЖамбыл облысыЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫМерейтой
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қазақстан — PSG Academy желісіндегі 24-ші мемлекет

Қазақстан — PSG Academy желісіндегі 24-ші мемлекет

14.09.2026, 12:26
№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

09.09.2026, 21:36
«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

09.09.2026, 20:32
Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

08.09.2026, 12:05

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда қай ақылы жол ең көп пайдаланылды? Рейтинг жарияланды

14.09.2026, 14:54

Қазақстан — PSG Academy желісіндегі 24-ші мемлекет

14.09.2026, 12:26

Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

11.09.2026, 18:00

eGov «қызметкері» Тараз тұрғынының атына 7 несие рәсімделгенін айтып, 2 млн теңгесінен айырды

11.09.2026, 13:00

Екі кереуетке 210 млн теңге: Жаңаөзенде аурухана қаржысын жымқырған күдіктілер қамауға алынды

11.09.2026, 09:00

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.